ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Сағадат Ашебеков, облыстық мәслихат депутаты

 

Мақсатым -

ауыл шаруашылығын дамыту

 

«Агробизнес - 2020» бағдарламасындағы міндеттерді орындау барысында ауыл шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілерін несиелеудің рөлі орасан зор. Бұл күндері елімізде ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлерге төменгі пайызбен несие беру ісі де жақсы жолға қойылып келеді. Республика бойынша қазір 170-ке жуық несие серіктесттігі бар екен. Өз бетімен жұмыссыздарды және табысы аз адамдарға кәсіпкерлікпен айналысуды ұсынып жүрген «Целиноградское» НС» ЖШС-нің бүгінгі жасап жатқан жұмыстары осыған куә бола алады. Несие беруді қолға алған мекеменің бүгінгі таңда қарқынды жұмыс жасап жүргеніне биыл 10 жыл толайын деп отыр. Осыған орай біз Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Целиноградское НС»  ЖШС-нің басқарма төрағасы Сағадат Қайыр -

жанұлы  Ашебековты әңгімеге тарттық.

Сағадат Қайыржанұлы, Ақмола облыстық мәслихатының депутаты ретінде қандай мәселелерді көтеруді қолға алдыңыз?

Халық қалаулысы болып жүргеніме он бес жылдан асып барады. Депутат ретінде мен ауыл шаруашылығы мәселесін көтерумен айналысуды місе тұтып келемін. Біршама мәселелерді сол себептен ауыл шаруашылғына қатысты шешімін табуды мақсат етіп алдыма қойдым. Қордаланған және күрделі мәселелерді кей кездері шешуге тура келді. Бұның бәрі өз уақытымен жайлап, орнына келіп жатыр. Менің басты мақсатым - ауыл шаруашылығын көркейту. Мәселен, «Родина» ЖШС-нің Софиевка аулында балабақшаға жөндеу жұмыстарын жүргізуге себімді тигіздім. Талапкер аулынан Воздвиженко ауылына дейін жүріп өтетін көпірдің ретке келтірілу мәселесін де қолға алдым. Осы мәселе бойынша жобалық-сметалық құжат әзірленуде. Бұйыртса, бұл көпірге күрделі жөндеу жұмыстары биыл жүргізілмек. Осындай әлеуметтік маңызы бар жобаларды іске асыру үшін Ақмола облысы Целиноград ауданына 2,5 миллиард теңге қаржы аударылды. Астана өңірінен 30 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдарға жер берілу тоқтатылып, электр жарығын өткізу, ауыз су тарту, жол салу және т.б. мәселелер біртіндеп қолға алынуда.

Несие серіктестігі құрылғалы бері қазір қандай жұмыстарды атқарып жатыр? Негізгі қызметі қандай?

«Целиноградское» НС» ЖШС 2003 жылы құрылған болатын. Мекемеде әу баста үш адам ғана жұмыс жасайтын. Қазір 10 адам қызмет етеді. Ақмола облысы, Целиноград ауданының ауыл шаруашылығымен айналысатын кәсіпкерлеріне несие беру көзделген. Ауыл шаруашылықты мемлекеттік бағдарлама шеңберінде несиелік ресурстары «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-нан бөлінеді. НС құрылтайшылары аудан ішіндегі ірі және тұрақты шаруалардың бірі болып табылады. Өсімдік шаруашылығынан басқа мал шаруашылығымен яғни, етті және сүтті бағытындағы малдарды өсірумен айналысады. Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді де қолға алған. Мәселен, ұн, макарон, қымыз, сүттік өнімдер мен жартылай фабрикат өнімдерін өндіру ісін жетілдіру көзделген. НС шаруалары 4772 бас ІҚМ, 566 бас ҰҚМ және 1248 бас жылқыларды ұстайды. Ауыл шаруашылығының дамып, көркеюі үшін осылайша көмегімізді беріп келеміз. Несие серіктестігі өз алдына үлкен мекемелердің бірі десек те болады. Тұрғындардың кәсіпкерлікпен тиімді айналысуларын көздеу қажеттілігі ескерілмек. Кейбір ауылдық жерлерде екінші деңгейлі банктердің филиалдары жоқ. Әрбір ауыл шаруашылығы кәсіпорындарына 9 жылға дейін несие бере аламыз. Ең күрделі мәселелердің бірі - ауылда кепілдік аз. Соның салдарынан банктер несие бере қоймайды. Несие серіктестігі бұндай жағдайда ауылдағы үй-жайын ғана кепілдікке алады. Елбасы айтып өткендей, тағы бір мәселе - ірі қара мал етін дамыту жоспары тұр. 2016 жылы 60 мың тонна етті экспорттау қажет болса, біз сол жоспарды орындауға атсалыспақпыз. Өз кезегінде «Сыбаға» бағдарламасының да жұмысы одан әрі қарай ілгерілей түспек. Несиені тек ірі кәсіпорындарға ғана емес, жаңадан кәсіппен айналысқысы келетін ауыл тұрғындарына да беріп отырмыз.

Несие серіктестігі құрылғаннан бері қарай қанша қаржы ресурстары игерілді? Жаңа техника сатып алу мәселесін қалай ыңғайластырып отырсыздар?

2004-2013 жылдар аралығында несие серіктестіктің қызметінің кезеңінде 5,2 млрд. теңгеге несие берілді. Несиелік ресурстардың 3,8 млрд. теңге қаржысы өтелді. ЖШС құрылтайшыларды несиелендіру барлық кезеңі бойынша 1,3 млрд. теңгеге арнайы техникалық құралдар сатып алынды. Мәселен, 18 бірлік тракторлар, 15 бірлік дестелгіш, 75 бірлік комбайн, 10 егіс кешені, 27 ауыр жүк көтергіш машиналар, 52 бірлік ауыл шаруашылық құралдары мен 1 диірмен кешені сатып алынды. Сондай-ақ, астық тазартатын 94 және құрал-жабдықтардың 2 жиынтығы, 6 тіркеме, МТШ үшін құрал-жабдықтар, 1 бірлік жел электро стансасы, әмбебап жармалағыш, бумалы сыққыш іріктеуші машина, суытқышы бар сүтті танк, қоспа жем үшін уатқыш-араластырғыш техникасы, сүттік өнімдерді буып-түю машинасы, 1 бірлік көлікжай ғимараты, 2 бірлік суландыру мен макарондық өнімдерді буып-түюге және дайындау үшін құрал-жабдықтары сатып алынды. Бұған қоса 438 бас жылқы, 405 ҰҚМ және 272 ІҚМ да бар.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru