ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жеңіс БӨДЕШЕВ, Ақмола облыстық мәслихатының бірінші шақырылымдағы депутаты

Елдік істердің шешілуіне атсалыстым

 

Мен бүгінде жұртшылыққа сөзі өтімді беделді құрылымға айналып отырған жергілікті өкілетті билік органдарының қалыптасу жолында аз да болса, өз үлесімнің барын мақтан тұтамын.

Сонау 1989 жылы Ерейментау аудандық кеңесінің депутаты болып сайланған едім.  Ел тағдыры шешіліп жатқан сол жылдарда осындай қызметті атқару менің мойыныма үлкен жауапкершілік жүктеді. Себебі, бұғаудан босаған елдің бағыты бұрынғыдан мүлде басқаша болатын. Енді  айтқанға бас шұлғып, бар нәрсені құптап жөнелудің жөні де жоқ еді. Тәй-тәй басқан, әлем картасына енді ған енген жаңа мемлекеттің дамуына жол ашатын шешімдерді қабылдау міндеті бізге бұйырды.

Аудандық кеңесте депутат бола жүріп, халық алдында жинаған беделімнің арқасы болар, сайлаудың тартысты өткендігіне қарамастан, 1994 жылы облыс мәслихатына депутат болып сайландым.  Осы 1994-1999 жылдар өңірде үлкен тарихи өзгерістер орын алған кезең еді.  Ол кезде мемлекетіміз егемен атанғанымен, шын мәніндегі сана тәуелсіздігіне әлі қол жетпеген болатын. Содан да болар, мәслихат сессияларында  ұлттық мүддені көздейтін  көптеген мәселелерді  талқылау үлкен дау-дамайға ұласатын. Торғай облысы тарап, оның құрамында болған Краснознамен, Балкашин, Макин, Державин, Алексеев  аудандарының атын қазақыландыру ісінің айтыс-тартыспен әрең шешілген кезі әлі есімде. Әсіресе, Вишневка атанып кеткен Аршалы ауданының атын қазақшалау бізге өте қиынға түсті. Көптеген депутаттар екеуінің де мағынасы бір екендігін алға тартып, өзгертудің қажетсіздігін айтқанда, оның дұрыс пікір еместігін әрең дәлелдеп шыққандығым әлі есімде.

Бұдан өзге, Көкшетау - Ерейментау бағытындағы тоқтап қалған  электропоездың қайта жүруіне, Сарыадыр көмір кеніші төңірегіндегі мәселелерді шешуге, Үмбетей жыраудың 300 жылдығын атап өтуге де шамам келгенше атсалыстым.

Бірінші шақырылымда мен әлеуметтік мәселелер жөніндегі комитет төрағасының орынбасары болдым. Осы қызметте жүріп, білім беру, денсаулық  сақтау, мәдениет саласындағы  күрмеуі қиын мәселелермен бетпе-бет келдім.

 Ол кезде мәслихат хатшысы Амангелді Хамзеұлы Сыздықов болатын.1999 жылдың алтыншы сәуіріндегі облыстық мәслихаттың 23 сессиясы менің есімде жақсы сақталыпты. Сол күні біз Еңбекшілдер, Бурабай, Зеренді аудандарын Ақмола облысының құрамына қосып, Көкшетау қаласын облыс орталығы ету мәселесін  қараған болатынбыз. Облыс орталығы көшер болса, Алматыдан бірқатар мемлекеттік мекеме Целиноградқа келіп, ол жердегілер Көкшетауға ауысуы керек болды. Ал, ол кездегі депутаттардың көбі мемлекеттік мекеме басшылары еді. Жылы орындарын тастап, мұнда сабылғысы келмегендіктен, түрлі сылтауды айтып отырғандарға Абылай ордасын тіккен, Ақан, Біржан, Ыбырайлар ән салған, талай сал мен серіге мекен болған бұл қаланың облыс орталығы болуға хақысы бар екендігін барынша дәлелдеп бақтым. Жолымыз болып, басым дауыспен мәселе оң шешілді.  Сөйтіп, сол күні кешке қарай Елбасының Көкшетау қаласын Ақмола облысының орталығы деп жариялау және жоғарыда аталған аудандарды осы өңірдің құрамына қосу жайындағы Жарлығы шықты. Осынау тарихи мекенге өз мәртебесінің қайтарылып берілгендігіне біз жұртпен бірге қуандық.

Кейін біз Көкшетауға келдік. Сондағы қаланың түрі адам шошырлықтай еді. Су, жарық жоқ, халықтың тұрмысы нашар кез. Міне, бүгін содан 15 жыл өтті. Қазір мұның бәрі өзгеріп, жағдай жақсарды.

Бүгінде мен қоғамдық жұмыстан қол үзгем жоқ. Ерейментау ауданындағы Торғай орта мектебіне басшылық етіп келемін. «Әке көрген оқ жонар» демекші, арғы бабам атақты Үмбетей жырау да, әкем Атай да ел адамдары болған. Сондықтан, менің де туған елімнің игілігі жолында еңбек етпей, оның келешегіне немқұрайлылық танытуым  мүмкін емес еді.  «Халық - айна» дегендей, жұрт үшін жасаған сол азды-көпті еңбегім ескеріліп, «Еңбектегі ерлігі үшін» және Ыбырай Алтынсарин атындағы медальдармен марапатталдым.  Тіпті, 1997 жылы Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттығына үміткер болып та сайлауға түстім.

Депутат   болу - елдің сенімін арқалап, солардың мұң-мұқтажын жоғары мінберден көтеруге мүмкіндік алу деген сөз ғой. Қазір артыма қайырылып қарар болсам, менің бүгінгі қол жеткізген жетістіктерімнің барлығы туған халқымның шексіз қолдауының арқасында мүмкін болған екен. Сондықтан да, мен осындай жауапкершілікті арқалап жүрген жандардың мейлінше халыққа жақын болғандығын қалар едім.

Кеше, біздің кезімізде мәслихаттарда ел тағдыры шешілген түрлі мәселелер қаралып, соған байланысты шешімдер қабылданып жатты. Ол - еліміздің өз егемендігін енді алған кезі болатын. Бірақ, бұл бүгінгі жергілікті өкілетті билік органдарында  сондай маңызды мәселе жоқ дегенді білдірмейді. Менің айтпағым - сессияда қаралатын әрбір мәселе қол көтеріп қабылдай салатын оңай дүние емес, ол - бүтін бір саланың проблемасы. Мәслихат қандай шешім қабылдайды, ол саланың сол өңірдегі дамуы да соған байланысты болады. Бұл тұста мынау маңызды, ал, мынау қатардағы мәселе деген болмайды. Басшылар беретін дайын әрі жаттанды  есепке де сене берудің қажеті жоқ. Оның әр сөзін мұқият оқып, содан кейін ғана мақұлдау қажет. Себебі, депутат мақұлдаған, қабылдаған шешім түгел бір саланың тамырына қан жүгірте де, жұмысты тұралата да алады. Мен осындай маңызды міндетті атқарып жүрген халық қалаулыларының жұмысына жеміс тілеймін. Ел үшін жасаған істеріңіз берекелі болғай.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru