ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Асылбек Исмағамбетов, облыстық мәслихат депутаты

 

Әлемдік қаржы дағдарысы бізді де айналып өтпеді. Өндірісіміздің өрісі тарылып, қиналған кездеріміз де аз болған жоқ. Бізді осынау экономикалық қиындықтан алып шыққан Мемлекет басшысының көреген саясаты, қиын сәтте жол бастайтын кемеңгерлік қасиеті дер едік.

Міне, сол қаржы дағдарысын оңай еңсерген жаңа жобалар елімізде көптеп қолға алына бастады. Экономиканы индустриалдық-инновациялық бағытта дамытудың мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Ал, Елбасының бұл бастамалары жергілікті жерде де кең қолдауға ие болды.

 

Өндірісті жаңа экономикалық үрдісте дамыту жайы біздің кәсіпорын үшін де жаңа белесті істердің біріне айналды. Қазір біздің серіктестігіміз облысымыздағы ең ірі агрофирмалардың қатарында ауызға алынады. Өзінің көп салалы өндірісімен жылына өнім өндіру көлемін 1 миллиард 200 миллион теңгеге жеткіздік. Серіктестік құрамына бес ауыл шаруашылығы кәсіпорыны кіреді. 1200 бас ірі қараға арналған сүт фермасы мен сүт зауыты жұмыс істейді.

Бұл бірегей өндіріс орны 2008 жылы тәулігіне 20 тонна сүт өңдеуге арналған зауыт салумен бастау алды десе де болады. Сүтті алты шаруашылықтан жинауға тура келді. Сөйтіп, сүт жинайтын арнайы дайындау орындары да ашылды.

Әрине, басқаның шикізатына сеніп, өндірісті алға бастыру оңай емес. Неге десеңіз, желтоқсан - наурыз айлары аралығында тұрғындар сүтті мүлде тапсырмайды. Сондықтан, кәсіпорынды маусымдық негізде жұмыс істейтін өндіріске айналдыру тиімсіз.

Мен 2008 жылы Еуропа елдері мен Америкада болып, осындай сүт фермалары жұмысымен жан-жақты танысып қайттым. Ондағы осы заманғы технологияларды көріп, өзімізге әкеліп орнатуды ойладық. «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамына өз бизнес - жоспарымызды ұсындық.

Бұл жоба бірден мақұлданды деп айта алмаймын. Бірақ, артынан несиелік қаржыландыру жөнінде қолдау таптық. Өйткені, біздің жобамыз еліміздегі ауыл шаруашылығы мәселесін шешуде ең келелі істердің бірі болатын. Бұл кешен тауарлы - сүт өндірісінің ең жоғары талаптарына жауап беретін еді. Ең бастысы, жоғары өнімді асыл тұқымды малды ұстау және өнімін өндірудің алдыңғы қатарлы технологиясын енгізуге мүмкіндік туды.

«Есіл-Агро» серіктестігі бұл кешенді іске қосуға қыруар қаржы жұмсады. Біз бұл қымбат бағалы жобаның бүгін болмаса да, ертеңгі күні өзін-өзі ақтайтынына сендік. Сол күндері мен Венгрияға сапар шегіп, асыл тұқымды ірі қара мал түлігін әкелудің қажет екеніне көз жеткіздім. Сөйтіп, 2009 жылдың тамыз айында голштин-фриз тұқымды сүтті малдың алғашқы легі шаруашылыққа әкелінді.

2009 жылдың 19 тамызында біздің сүт - тауарлы кешенімізде ел Президенті Н.Ә.Назарбаев болды. Ұжыммен кездесуінде Елбасы әлемдік талаптарға негізделген мұндай жаңа жобаларды көптеп жүзеге асыру аса қажет екенін атап көрсетті. Сол жолы әсіресе, сапалы мал өнімін көптеп өндіруге ғана емес, экстра-класты тұқымдық кешендерді салуды да ойластыру керектігін баса айтқан еді.

Мемлекет басшысының Астананың айналасында азық-түлік белдеуін қалыптастыру жөніндегі тапсырмасына да хал-қадерімізше үлес қосып жатырмыз. Қазір Астана қаласының 26 дүкенінде біздің сүт өнімдеріміз сатылады.

Әрине, мал шаруашылығын жедел дамытуды мақсат еткесін, бір орында қалып қоюға болмайды. Алдағы уақытта еттік бағыттағы мал өсірумен де айналысуға ден қоймақшымыз. Әсіресе, қазақтың ақ бас сиырлары, жылқы мен қой түліктерін өсіру өзінің тиімділігін береді деп ойлаймыз.

Меніңше, біз жеке меншік кәсіпорын болсақ та, осындай табыстарға жетуімізге мемлекеттік қолдаудың көп көмегі тигенін айтар едік. Осындай қамқорлық өнімізді жергілікті жерлерге ғана емес, шетке де шығаруға мол мүмкіндік беретіні айқын.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru