ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді

 

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы.

Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді

Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы өкілетті органдар мен сот билігінің алатын орны ерекше. Құрылғанына небәрі 20 жыл болған бұл құрылым бүгінде ел мүддесін құқықтық тұрғыдан қорғау бағытында толық қалыптасып үлгерді.

Өкілетті орган құрылғалы аудандық мәслихаттың 161 сессиясы өткізіліп, онда 1147 мәселе қаралыпты. Біз негізінен халықты көп мазалайтын өзекті әлеуметтік жайттарды бірінші кезекте қарастыруға тырысамыз. Мәслихаттардағы депутаттардың жұмысы асқан жауапкершілікті талап етеді, әрбір округтен сайланған халық қалаулысы өз аумағында тұратын тұрғындардың мүдделерін тиісті деңгейде қорғай білуі қажет. Біздің депутаттар бұл үдеден шыға алып жүр деуге толық негіз бар. Керек кезде олар жергілікті жерлерге шығып, мәслихат қарауындағы мәселеге қанығады. Әр халық қалаулысы уақытылы азаматтарды қабылдап, өз сайлаушыларының өтініштеріне құлақ асып тұрады. Депутаттардың басым көпшілігі мекемелер мен кәсіпорындардың басшылары болғандықтан, олар күн сайынғы тірлігінде де тұрғындармен тығыз байланыста жұмыс жасайды.

Осы орайда, қарапайым жұртшылықтың қордаланған мәселелерін шешуде аянбай еңбек еткен, өкінішке орай, бүгінде ортамызда жоқ аудандық мәслихаттың бұрынғы хатшысы Кентай Хасеновты атап өтпеске болмас. Қатарынан төрт шақырылым депутаты болған ол тек жақсы әріптес ғана емес, жан-дүниесі кең, білім-білігі мол адам еді. Сондай-ақ, Жетпіс Қаппаров, Алдан Қамиев, Сәлімжан Закарин, Дүйсен Оразалин, Мұрат Дүйсенов сынды депутаттар да өздерінің қызметке деген адалдықтарымен елге сыйлы болатын.

Бүгінде біздегі халық қалаулыларының барлығы да «Нұр Отан» партиясының мүшелері болып табылады. Олар бастауыш партия ұйымдарына бекітілген. Депутат Олег Зубань партияның облыстық филиалындағы саяси кеңес мүшесі болса, Ләззәт Сантас аудандық партия филиалы төрағасының орынбасары. Аудандық мәслихаттағы тұрақты және тексеріс комиссияларының да жұмысы өте жауапты. Олар өз отырыстарында бекітілген жылдық жоспарларға сай жұмыс жасайды. Кез-келген мәселе сессияда қаралар алдында тұрақты комиссияда талқыланады. Комиссиялар депутаттық фракциямен де бірлесе бірқатар шаралар мен отырыстарды өткізіп тұрады. Онда аудан әкімі, оның орынбасарлары мен сала басшылары қатысып, мәселенің мәнісін терең түсінуге мүмкіндік алады.

Қандай да бір мәселені сессияда қарардың алдында біздегі жұмыс топтары оны жан-жақты зерттейді. Осындай жұмыс топтарының жүйелі жұмысы нәтижесінде, ауданда қордаланған күрделі мәселелер жүйелі шешіліп жатады. Депутаттарға сессия материалдары алдын ала жіберіліп, мәселенің түп-төркініне үңілуге мүмкіндік беріледі. Осы орайда ерекше назарды Мемлекет басшысының ел халқына арнаған жыл сайынғы Жолдауларын жүзеге асыруға сәйкес, аудандық бюджеттен әлеуметтік салаға бөлінетін қаражат көлемінің өскендігіне аударғым келеді. Мектеп, бала бақша, ауруханалар күрделі жөндеуден өткізіліп, олардың материалдық базасын жаңғырту бағытында ауданда көз қуантарлық қадамдар жасалуда.

Аудандық мәслихатта бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен байланыс та жолға қойылған. Аудандық газеттегі «Депутат мінбері» атты айдар біздің жұмысымызды жан-жақты көрсету бағытында бірқатар көлемді мақалалар мен ақпараттық хабарлар легін жариялап тұрады. Осының бәрін үйлестіруші - аудандық мәслихат аппараты десек, артық айтқандық емес. Онда әдістемелік кабинет пен депутат қызметіне қатысты нұсқаулықтардың барлығы бар. Аппарат қызметкерлері өз біліктіліктерін ұдайы жетілдіріп, арнайы курстардан өтіп тұрады. Соның арқасында, бүгінде біз кешенді жоспарлар бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп келеміз. Сол тірліктің басы-қасында жүрген тәжірибелі де білікті басшы Александр Новокрещеновтың еңбегі елеулі. Сондай-ақ, бес шақырылым бойы бюджет мәселелері бойынша тұрақты комиссияны басқарып келе жатқан Иван Поздняковқа да тоқтала кеткен жөн. Міне, осындай өз ісіне әбден берілген, халықтың қамын жейтін азаматтардың арқасында біз біраз жетістіктерге жеттік. Петр Ольферт, Олег Зубань, Нығымет Хасенов, Кәміл, Расқұлов, Гүлнәр Жақыпова, Жұмабек Ахметжанов, Мұрат Молдахметов, Гүлайым Шегенова, Санар Біләловалар да аудандағы бүгінгі өкілетті биліктің жұмысын жандандырып отырған депутаттар. Ендеше, жанын салып жұмыс істер осындай жандар барда зеренділіктердің өзекті проблемалары барынша оңтайлы шешіле береді деп зор сеніммен айта аламыз.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru