ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қайрат ӨСІПОВ - бірінші шақырылымдағы аудандық мәслихаттың депутаты, Білім беру ісінің үздігі, еңбек ардагері

 

Елдік мүдде биік тұрған еді

Елбасының жергілікті өзін-өзі басқару органдары мен мәслихаттардың өкілеттігін кеңейтуінің нәтижесінде өткен жиырма жылдың ішінде мәслихаттар биліктің бір тұтқасы ретінде толық қалыптасты.

Еліміз егемендік алған алғашқы күннен бастап мәслихаттардың алдына келелі мәселелер бойынша халықтың мүддесін қорғау міндеті қойылды. Мен сол тоқсаныншы жылдардың бас кезінде Ерейментау қаласындағы №2 мектептің директоры қызметін атқарып жүріп, №6 Абай сайлау округінен сайлауға түсіп, басым дауыспен бірінші шақырылымдағы аудандық мәслихат депутаты болып сайландым. Ұйымдастыру сессиясында аудандық мәслихаттың хатшысы қызметіне келешегінен үміт күттіретін, бұған дейін аудандық комсомол комитетінде жұмыс тәжірибесін жинақтаған жігерлі жігіт Гайдар Хасенов ұсынылды. Жалпы, он екі адамнан құралған біздегі депутаттық топқа білікті, зиялы қауымның өкілдері енген еді. Біздің қызметіміз өтпелі кезең болып аталған қиын уақытпен орайлас келді. Халық айлап жалақысын ала алмады. Зейнетақы мен жәрдемақы екі-үш айда бір төленетін. Дүкен сөрелері бос қалып, халық әбден қағажу көрген шақ еді. Осы сәтте біз жұртшылықпен жиі кездесіп, әңгімелесуге, сайлаушыларымызды сабырға шақыруға, жалпы істің мән-жайын халыққа байыппен түсіндіруге барынша тырыстық.

Мен өзімнің сайлауалды тұғырнамамда өз округімнің тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселесін бірінші кезекке қойдым. Осы мақсатпен «Астық дайындау» елді мекені аймағында су алатын тоғыз колонка орнатылды. Сонымен бірге, қазіргі Ғ.Мұқатов көшесінің жолын автогрейдер арқылы тегістеуге қол жеткіздік. Ата-аналардың өтінішімен бұрынғы бала бақша ғимаратын жөндедік. Осы үйде ізінше қосымша қазақ сыныптары бар №4 орта мектеп ашылды. Біздің депутаттық сауалымыз бойынша Жоғарғы Кеңестің депутаты Ибрагим Жаңғоразовтың жәрдемімен осы мөлтек ауданда жаңа үлгідегі мектеп салына бастады. Алайда, мердігер мекеменің таратылуы себебінен, әрі бюджетте қаржы жетіспегендіктен, іс толық аяқталмай қалды. Орайы келгенде, Сарыадыр көмір кенішінің ашылуына, оның Ереймен табиғатына, халықтың денсаулығына, экологиялық тепе-теңдікке тигізетін ықпалын ескеріп, тиісті мінберден өз пікірімді де білдірген едім. Түрлі сипаттағы өзге мәселелерді де талқыладық, жоғары билікте отырған басшыларға депутаттық сауалымызды да жолдадық. Тіл саясатына қатысты мәселелер де көтеріліп жатты. Біз кезінде Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатына депутаттыққа үміткер болған Әділбек Жақсыбековты бірауыздан жақтап, дауыс берген едік. Бүгінде сол азаматтардың ел сенімін арқалап, ірі қызметтерде жүргендігін біз мақтан тұтамыз.

Осы тұста өз округтеріндегі толғақты мәселелердің түпкілікті шешілуіне жанашырлық ниет танытқан, арамызда ауызбірлік пен ортақ мәміле қалыптастырған Қоныс Әлімжанов, Яков Пустовет сияқты абзал жандардың үлесі аз болған жоқ. Бүгінде біздің ізбасарларымыздың іскерлігінің арқасында түйінді мәселелер оң шешіліп те жатыр, халықтың әл-ауқаты көз алдымызда жақсарып келеді. Біз, аға буын, осыған қуанамыз. Мен жаңа жыл қарсаңында бір қуанышты жаңалық естідім. №5 Жамбыл сайлау округінен сайланған аудандық мәслихаттың депутаты, менің ізбасарым Нұртас Маңдаев жоғарыда аталған «Астық дайындау» елді мекені аймағында мектеп салғызуға жуырда республикалық бюджеттен қаржы бөлінетінін айтты. Жобалық-сметалық құжаттамасы да даярланған. Міне, осылайша, менің арманымды іскер жас өзінің ісімен пысықтап жатыр. Алайда, барлық мәселе оң шешіле берсін бе. Кейде қаражат тапшылығы себебінен оларға межелі мақсатына қол жеткізу оңайға түспей жатады. Талай өтпелі кезеңдердегі бар қиындықты бастан кештік қой. Сондықтан да, оның барлығына түсіністікпен қарауға тырысамыз.

Десек те, елді, жұртты мазалайтын мәселелерді батыл көтеру депутаттың басты міндеті. Сондықтан да, мен халық қалаулыларына өз округтеріндегі сайлаушылар аманатының табысты орындалуын тілеймін.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru