ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Шахман ҚҰСАЙЫНОВ, Бұланды аудандық мәслихатының хатшысы

 

Ел қамынан биік ештеңе жоқ

 

Қоғам мен билік арасындағы алтын көпір іспеттес өкілетті органның бір тармағы саналатын біздің аудандық мәслихат өз жұмысын күннен-күнге жетілдіріп келеді.

Алдымен, тарихқа қысқаша тоқталып өтер болсақ, 1994 жылдың 7 наурызында аудандық мәслихат депуттарының алғашқы сайлауы ұйымдастырылған болатын. Бұл шақырылымның бірінші сессиясында мәслихат хатшысы болып Серік Исмағамбетов сайланды. Кейін бұл құрылымды Людмила Замолотова басқарып, осы кездерде бізде үш тұрақты комиссия құрылды. Ал, 1999 жылы екінші шақырылым депутаттары сайланып, оның хатшылығына Қымбат Ибраев бекітілді. Кейін оның басқа қызметке ауысуына байланысты Людмила Замолотова бұл қызметті қайта жалғастырды. Ал, үшінші және төртінші шақырылымдарда аудандық мәслихат хатшысының қызметін Петр Веселов атқарды.

Еліміз егемендігін енді алған жылдары аймақты дамыту ісінде аудандық мәслихат депутаттарының қосқан үлестері аз болған жоқ. Ал, қазіргі бесінші шақырылым депутаттарының басым көпшілігі мекеме және кәсіпорын басшылары, барлығы да «Нұр Отан» партиясының мүшелері. Бүгінде бізде депутаттық құзыреттіліктер, этика және әлеуметтік мәселелер бойынша, сонымен қатар, экономика және бюджет мәселелері бойынша екі тұрақты комиссия жұмыс істейді. Былтырғы жылы аудандағы қадау-қадау мәселелер қозғалған осы тұрақты комиссиялардың 14 отырысы өткізілді. Онда негізінен жол қауіпсіздігі, селолық округ әкімдерінің есептері, аудандық бюджеттің орындалуы, көшелерді абаттандыру мен жарықтандыру мәселелері талқыланып, депутаттардың сайланар алдында өз мойындарына алған міндеттемелерді орындаулары жөніндегі есептері тыңдалды.

Бұдан басқа, бесінші шақырылым басталғалы бізде 9 кезекті және 15 кезектен тыс сессиялар өткізіліп, онда аудан әкімінің есебі, «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму» бағдарламасының өңірімізде іске асырылу барысы, аймақта қылмыстың алдын алу бағытында қолға алынып жатқан шаралар, әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға көмек көрсету, басқа да көптеген мәселелер қаралып, жан-жақты талқыланды.

Біздің депутаттар ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар мәселелердің оң шешілуіне ықпалдаса отыра, шамасы келмегендерін Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары және облыс әкіміне жолдап отырады. Мәселен, былтырғы жылы аудандық мәслихат депутаттары Никольский ауылындағы сумен қамту жүйелерін күрделі жөндеуден өткізуге және Капитоновка ауылында жаңа сумен қамту жүйелерін орнатуға, вокзал маңы алаңын жөндеуге қаржы бөлуге ықпалдасуды сұраған өтініштерін жоғарыда аталған құрылымдарға жіберді.

Сондай-ақ, бұландылық депутаттар Мемлекет басшының жыл сайынғы Жолдауларын халық арасында кеңінен насихаттауға байланысты құрылатын ақпараттық-насихат топтарына мүше болып табылады. Олар оқтын-оқтын өз сайлаушыларымен кездесулер өткізіп, мемлекеттік саясат, ел азаматтарының жағдайларын жақсартуға бағытталып жасалып отырған түрлі мемлекеттік бағдарламалар төңірегінде кеңінен әңгіме өрбітіп, оларды мазалайтын сауалдарға тиісті органдардың жауаптарын алуға тырысады. Мұнымен қоса, олар «Нұр Отан» партиясының жергілікті филиалында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, ауданда ұйымдастырылатын түрлі мәдени шараларға да қатысып тұрады.

Бүгінде көптеген мәселелерді шешуге депутаттарға аудандық мәслихат аппараты жәрдемдесіп отыр. Аппарат қызметкерлерінің барлығы да жоғары білімді, өте тәжірибелі мамандар. Олар әсіресе, халықтан келіп түсетін өтініш-тілектердің дер кезінде тіркеліп, тиісті орындарға жеткізілуіне, оның тиісті мерзімде қаралуына жауап береді.

Жалпы, аудандық мәслихат жұмысын қорытындылай келе, біздің депутаттар бұландылықтарды мазалайтын негігі мәселелерді шешуге бастамашы болып, өңірдің одан әрі өркендеуіне атсалысатын болады. Атқарушы билікпен бірлесе отырып атқарылған қыруар істердің басты нәтижесі - бүгінгі күні аймақта орнап отырған тыныштық пен тұрақты даму дер едік.

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru