ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Өмірсерік Мұсабаев, төртінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

 

Мақсатымыз бір,мүддеміз ортақ

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың салиқалы да көреген саясатының арқасында басқа елдер бірнеше ондаған жылдарда жететін жетістіктерге жеттік. Ең бастысы, экономикамыздағы серпінді даму үрдісі қазақ елінің әлемдік қауымдастықтағы мерейін биіктете түсті. Ал, өз ішіміздегі ұлтаралық бірлігіміз бейбітсүйгіш ел екенімізді де аңғартып қоймай, өзге елдерге де осы бет-бейнемізбен үлгі-өнеге көрсетіп отырмыз. Әрине, халық билігін жүзеге асыру да жергілікті өзін-өзі басқаруды жандандыруға себепші болды. Бұл азаматтық қоғам құруға деген талпынысымызды көрсетеді. Сондықтан, халық сайлайтын өкілетті органдардың да мемлекеттік істерде алатын орны аса жоғары дер едім.

Мен қызмет істеген жылдары Ақмола облыстық мәслихатына сайланған 33 депутаттың барлығы ең алдымен елдік мүддені биік қоятын қоғамның барлық жігін ұсынатын тұлғалардың болғанын баса айтар едім. Депутаттық қызмет - қыр-сыры мол арналардың бірі. Сайлаушылардың күнделікті тұрмыстық мәселелерін шешумен қатар, өңірдегі әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды жүзеге асыруға үлес қосу мерейлі міндеттердің бірі болса керек. Есімде қалғаны, мәслихат депутаттары сайлаушылармен 327 кездесу өткізді: 664 арыз-шағым қаралып, 600-ден астам адамды жеке мәселелерімен қабылдадық. Ал, тұрғындармен көтерілген мәселелерді шешу әр деңгейдегі атқарушы органдар үшін 197 ұсыныс пен сұрау жолданды. Сонымен бірге, біз тұрғындарды медициналық қызмет көрсету, ауыз сумен қамту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық мәселелері және жұмыссыздық жайы көбірек толғандыратынын байқадық.

Төртінші шақырылған облыстық мәслихаттың сессияларында барлығы қырыққа жуық сессиясы өтіп, онда 300-ден астам мәселе қаралған екен. Мұнда облыстық бюджет пен өңірлік бағ-дарламалардың орындалу барысы басымдық негізде қарастырылды. Сондай-ақ, білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласы мәселелері күн тәртібіне қойылды.

Ал, енді бюджет мәселесіне келсек, біз алғаш рет үш жылдық бюджетті қабылдау бойынша жұртшылық пен бұқаралық ақпарат құралдары өкілдері қатысқан жариялы тыңдаулар өткіздік. Бір атап өтерлігі, осы іс-шаралар кезінде айтылған ұсыныстар орындау үшін қабылдауға алынды.

Депутаттар өңірлік бағдарламалар бойынша да ауқымды жұмыстар атқарды. Мысалы, облысты индустриалдық-инновациялық дамыту бағдарламасын жүзеге асырудағы атқарушы органдардың жұмысына баға берілді. Өйткені, бұл бағдарламаны қарау кезінде жобалардың 41 пайызы орындалмаған еді.

Мәслихаттың тексеру комиссиясының жұмысын жақсарту бағытында да оң өзгерістер көп болды. Бақылау шаралары едәуір көбейді. Қаржыға байланысты заң бұзушылықтарды анықтау көрсеткіші 6 есеге жоғарылап, 344,5 миллион теңгенің заң бұзушылықтары анықталды.

Мәслихаттардың жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында арнайы үйлестіру кеңесі ұйымдастырылды. Оның құрамына барлық мәслихат хатшылары кірді. Бір жылдың ішінде бұл кеңес өзінің 4 мәжілісін өткізіп, онда мәслихат жұмысына қатысты 16 мәселе қарады. Сөйтіп, әр деңгейдегі мәслихаттарға іс-тәжірибелік көмек көрсету жайы жақсара түсті.

Жалпы, депутаттар - халық өкілі екендіктерін өзінің жұ-
мыстарымен де көрсетіп келеді. Кезінде тұрғындар арасында өткізілген әлеуметтік сауалнамада қатысқан респонденттердің 65,3 пайызы мәслихаттардың рөлі артып келе жатқанын айтты. Әсіресе, депутаттардың белсенді қызметіне тұрғындар жақсы баға берді. Біз жергілікті атқарушы билікпен де қарым-қатынасымызды жақсартып, ортақ мүдде жолында қызмет істеп келеміз. Өйткені, біздің көздейтініміз бір ғана мүдде, ол - халықтың қамы, елдің жайы.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru