ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Марат ҚОЙШЫБАЕВ, екінші шақырылған Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

 

Мен үшін шыңдалу кезеңі болды

Биыл еліміздің өкілетті органдары - жергілікті мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толды. Бұл айшықты оқиға мен үшін де ерекше есте қалатын сәт деп есептеймін. Осы орайда, өзім халық қалаулысы болып өкілетті органда қызмет еткенімді мақтан етемін. Сонау 90-шы жылдардың аяғында біздің облысымыз үшін ерекше бір оқиғалар орын алды. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың 1999 жылғы 8 сәуірдегі Жарлығымен Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына көшірілді. Сол жылдың қазан айында екінші шақырылған облыстық мәслихат депутаттығына сайлау өтті. Мен Ақкөл және Шортанды аудандарының сайлаушылары атынан облыстық мәслихатқа депутат болып сайландым. Осылай менің өкілетті органдағы алғашқы қадамдарым бастау алды.

Ақмола облыстық мәслихатының алғашқы ұйымдастыру сессиясында өңірімізге белгілі «Ижевский» өндірістік кооперативінің беделді басшысы, Социалистік Еңбек Ері Ибрагим Жанғоразовтың ұсынысымен мен облыстық мәслихаттың хатшылығына сайландым.

Әлі есімде сол жылдары аудандық, қалалық және облыстық мәслихаттарға өңіріміздің ең танымал тұлғалары депутат болып сайланып, облыстың экономикалық және әлеуметтік дамуына өздерінің сүбелі үлестерін қосты. Мысалы, облыстық мәслихаттың қатарына өз ісінің білгірлері - Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің ректоры Абай Айтмұхамбетов, облыстық аурухананың бас дәрігері Серік Аяғанов, Көкшетау қаласындағы №1 орта мектептің директоры Галина Марченкова, ірі шаруашылық басшылары, Социалистік Еңбек Ері Ибрагим Жанғоразов, Иван Сауэр, Талғат Жақыпов және тағы басқалары енді.

Биылғы мәслихаттардың құрылғанына 20 жыл толған мерейлі жылы өзіммен қатарлас қызмет еткен облыстық мәслихат аппаратына да шынайы ризашылығымды жеткізгім келеді. Ортақ мүдде жолында қызмет етіп, мәслихаттың жұмыс қабілетін қалыптастырған ынтымақты ұжым ретінде ғана емес, рухани демеуші болып, қолдау жасаған әріптестеріме қанша алғыс айтсам да артық емес. Осы жолы сол кездегі мәслихат аппаратының жетекшісі Серік Исмағамбетов, облыстық сайлау комиссиясының төрайымы Раиса Коваль, тексеру комиссиясының төрайымы Татьяна Куленюк, іс басқарушы Жәнібек Әлжанов, аудармашы Нұрғали Шахмет, бас мамандар Иван Близнюков және Виктор Антонович, бас бухгалтер Алмагүл Шапағатова, бас маман-заңгер Қарлығаш Ыбыраева, әдістемеші Надежда Лаврова және қабылдау бөлмесінің хатшысы Дариға Нұрмұханбетоваларды еске алуды жөн санап отырмын. Өйткені, бұл адамдар мәслихат сессиялары мен тұрақты комиссиялары мәжілістерінің барлық құжаттары мен материалдарын сапалы дайындап, олардың заң жағынан сай болуын қадағалай білді. Ұйымдық жұмыстарды да бір кісідей атқарып, мәслихаттың қалыпты жұмыс істеуіне ықпал етті.

Бүгін осы адамдардың қатарында екінші шақырылымдағы мәслихат депутаттары мен аппарат қызметкерлері Жәнібек Әлжанов, Иван Близнюков, Нұрғали Шахмет, Татьяна Куленюк сияқты үлкен жүректі жандар біздің ортамызда жоқ. Сондықтан, оларды да бір сәт еске алып, тағзым етсек деймін. Облыстық бюджеттің қалыптасуына үлес қосқан облыстық қаржы басқармасының бастығы Дмитрий Савицкий және тағы басқалары жөнінде де осы сөзді айтқым келеді.

Сонымен бірге, мәслихаттардың мерейтойы жылы Екатерина Бузина (Көкшетау қаласы), Нэля Рукавцова (Степногорск қаласы), Юрий Ужакин (Ақкөл ауданы), Юрий Сериков (Аршалы ауданы), Қайырбек Құсайынов (Астрахан ауданы), Бағдат Борұмбаев (Атбасар ауданы), Вера Сумина (Есіл ауданы), Марат Исажанов (Еңбекшілдер ауданы), Борис Швачкин (Жарқайың ауданы), Мұхтар Оспанов (Қорғалжын ауданы), Сүйіндік Әбдірашитов (Жақсы ауданы), Иван Закутянский (Сандықтау ауданы), Балтабай Мәжіренов (Целиноград ауданы), Геннадий Скирда (Шортанды ауданы), Галина Марченко (Щучье ауданы) сияқты аудандық және қалалық мәслихат хатшыларымен тығыз байланысты жұмыс істегенім есіме түсіп отыр. Сол кезде бұл адамдардың иығына үлкен жүк артылды. Олар барша халықты ортақ мақсатқа жұмылдыра біліп, өңірлердің экономикалық дамуына өздерінің үлестерін қосты.

Бұл бір қиындығы көп кезең еді. Кейде бюджет қаржысының жетіспей жататыны да болатын. Аз ақшамен көп іс тындыру оңай да емес еді. Осының барлығының астарында адамдардың мүддесі жатты. Қарапайым адамдардың әлеуметтік жағдайын шешіп, олардың тұрмыстық мәселелеріне назар аудару депутаттардың шығарған шешімдеріне көп байланысты болатын. Сондықтан, жергілікті мәслихаттар қашан да атқарушы билікпен қоян-қолтық қызмет етіп, өздерінің бар күш-жігерін және білімдерін мемлекет мүддесіне жұмсай білді.

Қазір өткенге көз жүгітіп отырсақ, Ақмола облысы осы жылдар ішінде едәуір оң өзгеріске қол жеткізіп, өрісі кеңіген өңірге айналды. Бір жағынан астаналық облысқа тән мәртебесін биіктетіп, өзінің инвестициялық тартымдылығымен де көзге жылы ұшырайды. Әсіресе, экономикалық әлеуетті дамыту арқылы өңдеуші және басқа да салалар қарқынды дамып келеді. Бұған бүгінгі мәслихаттың депутаттары да өз үлестерін қосып, тер төгіп жүргенін айтар едім. Неге десеңіз, қазір бірсыпыра ірі өндіріс басшылары негізінен облыстық, қалалық және аудандық мәслихаттардың депутаттары болып табылады.

Енді біздің еліміз үшін еңселі істер атқару және межелі биіктерге көтерілу талабы тұр. Қазақстан Еуразиялық Одаққа толыққанды мүше болып, өзінің көшбасшылығымен ерекшеленіп отыр. Осыдан 20 жыл бұрын Елбасы көтерген бұл бастама бүгінде баянды болып, Еуразия кеңістігіндегі елдерді ортақ мүддеге жұмылдыруда. Қазір әлемде бірігуге емес, бөлінуге деген сыңай басым. Бірақ бұл ешкімді ұшпаққа ұшырмайды. Бірігу, ортақ мүддеге жұмылу арқылы ғана биік белеске көтеріле аламыз. Қазақ елінің бұл ұстанымы әлем саясаткерлерінің де қызығушылығын тудырғаны содан. Сондықтан, бүгінгі өкілетті орган өкілдері осынау жаңа істің жаршысы болып, өздерінің қажыр-қайратын Отан игілігіне жұмсаса екен деймін.

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru