ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Ең маңыздысы – халықтың сенімі
Облыстық мәслихаттың депутаты, Қазақстан халықтары Ақмола ассамблеясының мүшесі Валерий Симчук өзінің туған ауданына берілген адам, оны бірнеше рет бизнес бойынша...

Тұрлыбек БОЛАТОВ - облыстық мәслихаттың депутаты
Депутат ретінде халық мүддесін қорғау, абыройлы ғана іс емес, жауапты да машақаты мол жұмыс. Биыл менің өз кәсібімді дөңгелете бастағаныма да, өзім депутат болып жүрген өкілетті...

Рахим ТУЛЬКУБАЕВ, секретарь Целиноградского районного маслихата.

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихат комиссиясының жылжымалы отырысы өтті

03.06.2018

       Шортанды, Бурабай және Бұланды аудандарында арнайы әлеуметтік қызметтерді ұсыну сапасы туралы мәселені депутаттар Шортанды ауданының Жолымбет ауылында депутат Әлібек Баймағамбетовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының жылжымалы отырысында талқылады.

Толық талқылау үшін тұрақты комиссия өкілдері уәкілетті орган басшылығымен бірге жоғарыда аталған аудандардың МӘМ болып, жұмыстарымен танысты.

Тұрақты комиссия аталған аудандарда халықтың әлеуметтік әлсіз топтары мен мүгедектерін қолдау үшін айтарлықтай жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Талдау көрсеткендей, жыл сайын бұл ұйымдар мен мекемелерге көп көңіл бөлінеді. Мүгедектер концерттік бағдарламалар, ауылшаруашылық жәрмеңкелері, спорт жарыстары және басқалар сияқты бұқаралық іс-шараларға белсене қатыса бастады. Халықаралық жарыстарға қатыса отырып, тек үстіміздегі жылы Жолымбет ауылының тәрбиеленушілері 4 медаль жеңіп алды.

2017 жылғы қыркүйек айында Астанадағы «Үздік әлеуметтік жоба» республикалық байқауында қамқорлықтағылардың ең үздік қолөнер бұйымдары қойылды.

Жыл сайын сапалы қызмет көрсету мақсатында Арнайы әлеуметтік қызметтерді көрсету орталықтарының кәсіби терапия бойынша нұсқаушылар арасында тәжірибе алмасу бойынша семинарлар, дөңгелек үстелдер өткізіледі.

Тұрақты негізде әлеуметтік паспорттар, нормативтік құқықтық актілер және мемлекеттік нормативтік актілерге сәйкес халықтың аз мобильді топтары үшін кедергісіз орта құру үшін облыстың ұйымдары мен кәсіпорындарының басшыларымен жұмыс жүргізіледі.

Бірақ проблемалар да жоқ емес: жыл сайын науқастардың өсуі байқалады. Үстіміздегі жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша. психоневрологиялық орталыққа кезек - 128 адам, жалпы типтіге - 8 адам, балалар үйінде тегін 14 орын бар. Жыл соңында кезектіліктің көп болуына байланысты, Степногорск Шаңтөбе ауылында психоневрологиялық аурулармен науқастанған мүгедектерге арналған 50 орынға орталық ашу жоспарланды.

Басшылар үшін тағы бір маңызды мәселе: қызметкерлердің жетіспеушілігі. Мысалы, Купчанов МӘМ-де - 12 бос орын, Жолымбет а. МӘМ-де - 8. Дәрігерлер мен жас мамандарды тарту үшін орындарда тұрғын үймен қамтамасыз ету қажет.

2016-2017 жылдар аралығында арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында күрделі және ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді. Бұланды ауданы Купчановка а., Макинск қ., Шортанды ауданы Дамса ауылы, Жолымбет ауылы, Целиноград ауданы Малотимофеевка ауылы, Көкшетау қаласында (6 орталықта).

2018 жылы Щучинск (№ 1 жатақхана), Шантөбе (абаттандыру), Купчановка ауылында (қойма, гараждар) ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстары жоспарланған.

Отырыс соңында қонақтар пікір алмасты.

Кеңес қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданды

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru