ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есеп бекітілді

14.06.2018

    Бүгін облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің қатысуымен облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында депутаттар бұдан бұрын облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының және облыстық Қоғамдық кеңестің бірлескен отырысында қаралған 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есебін талқылап, бекітті.

Облыстық қаржы басқармасының басшысы Талғат Бөлтеновтің айтуынша жыл қорытындысы бойынша 2016 жылға қарағанда облыстық бюджетке түсімдер 22,4 млрд теңгеге көбірек жиналған. Сонымен қатар, 2016 жылмен салыстырғанда игерілмеген қаражат сомасы 4-есе азайған.

Бюджеттік бағдарламалардың 31 әкімшісінің 21 әкімшісі бюджет қаражаттарын 100% игерумен қаржы жылын аяқтады. Игерілмеген негізгі сомалар құрылыс, ауыл шаруашылық, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларына тиесілі.

Облыстың тексеру комиссиясының төрағасы Нұрлан Бекенов 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуындағы негізгі проблемалық кезеңдерді және бюджет қаражатын тиімсіз пайдалану фактілерін атап өтті, сондай-ақ сессия қатысушыларына бюджеттің кірістер мен шығыстарына және жеке бағыттар бойынша бағдарламалардың нәтижелеріне қол жеткізуіне жан-жақты талдауды ұсынды.

Тұрақты комиссиялардың бірлескен қорытындысын облыстық мәслихат депутаты Серік Аяғанов жасады.

С.Аяғанов 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуын талдау Ақмола облысының әлеуметтік-экономикалық жағдайына салықтық-бюджеттік саясатының оң әсерін көрсеткенін атап кетті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылықта өндірістің орнықты өсуі қамтамасыз етілді, құрылыс жұмыстарының көлемі артты. Негізгі капиталға салынған инвестициялар 6% артты. Құрылыс жұмыстарының көлемін ұлғайту 426 мың шаршы метр тұрғын үй салуға мүмкіндік берді.

Депутаттар 2017 жылғы облыстық бюджеттің атқарылуы туралы есепті, сондай-ақ тексеру комиссиясының есеп-қорытындысын бекітті.

Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің бастығы Серік Баймұқанов Ақмола облысы Ішкі істер департаменті жергілікті полиция қызметінің тұрғындар арасында құқықбұзушылықтың алдын алу және қылмысқа қарсы күресті күшейту шаралары бойынша жұмысы туралы депутаттық корпусқа есеп берді.

Облыстық мәслихат депутаты А.Гусев өз сөзінде Жібек жолы округінде полиция қызметкерлерінің санын көбейту және ауылдық полиция пунктін ашу арқылы құқықтық тәртіпті қорғауды күшейту қажеттігін атап өтті.


 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru