Мемлекеттің маңызды міндеті азаматтар арасында жоғары патриоттық сезімді, Отанына деген мақтаныш сезімін қалыптастыру, азаматтық борышын және Отанымыздың мүдделерін қорғау үшін конституциялық міндеттерін орындауға дайын болуға тәрбиелеу болып табылады.
Жуырда Астана қаласында облыстық мәслихаттың депутаты Геннадий Осиненко астананың, Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының жастарымен жиын ұйымдастырып, спорттық іс-шаралар өткізді.
Әскери-патриоттық ойындар бірнеше конкурстардан тұрды: турникте тартылу, арқан тарту, кросс, кедергілер жолағы және тағы басқалар.
Геннадий Вениаминович осындай іс-шаралар жастар арасында патриоттық рухты дамытуда үлкен рөл атқаратынын атап өтті.

