Сіздерді еліміздің бас қаласы - Астананың 20-жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.
Сарыарқаның сайын төсінде ірге тепкен Астана - Қазақстанның жүрегі. Жиырма жылдың ішінде Елорда сәулеті мен дәулеті келіскен, бағалы бастамалардың бесігі болған тәуелсіз Қазақстанды әлемге танытты.
Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басшылығымен және халықтың ерен еңбегі арқылы аз уақыт ішінде тұрғызылған жаңа астаналық орталық қаламыз - Астана қарқынды даму үстінде.
Бүгін Астана - заманауи үлгіде құрылған әлемдегі ең сәулетті, көрікті қалалардың біріне айналып, саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени мәселелерді талқылайтын әлем көшбасшыларының кездесулері өтетін орынға айналды.
Сіздерді тамаша мерекемен құттықтай отырып, баршаңызға мықты денсаулық пен бақыт тілеймін.
Болашағы жарқын қаламыз, достық пен бірліктің символы - Астанамыз әрқашан гүлдей берсін!
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин