Біздің облысымызда жылсайынғы республикалық «Мектепке жол» акциясы басталды, оның мақсаты әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан балаларға көмек көрсету.
Биыл Көкшетау қаласының №10 орта метебінің бірінші сыныбына кішкентай бүлдіршін Жанайсан Тамерлан да баруға құлшыныс жасауда. Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин Тамерланды осындай өміріндегі үлкен қуанышымен құттықтай отырып, мектепке керекті барлық құрал-жабдықтарымен бірге алғаш киіп баратын мектеп формасы мен сөмке сыйлыққа тартты.
Тамерланның әжесі Гаухар апай немересін мектепке әзірлеуде қолдау көрсетіп, көңіл бөлгені үшін облыстық мәслихаттың депутатына өз алғысын жеткізді.