ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Депутаттар Ақмола облысы әкімінің есебін мақұлдады

14.09.2018

    Бүгiн Көкшетауда облыстық мәслихаттың кезектi сессиясы өткiзiлдi, онда депутаттардың алдында өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуы бойынша есеп бердi.

Өзiнiң есептiк баяндамасында облыс әкiмi ағымдағы жылы Ақмола облысында үдемелi даму сақталып отырғанын айтты. Елбасының жыл сайын экономика өсiмiн қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасы орындалуда.

Базалық секторларда қарқын өткен жылғыдан жоғары. Өңiр экономикасына 166 млрд. теңге инвестицияланды, өсiм 9,4%. Тартылған жеке инвестициялар көлемi 44%-ға өстi. Соңғы 2 жылда даму бюджетi 2 есе өсiп 38 млрд. теңге құрады. Бұл әлеуметтiк салаға, ТҮКШ, көлiк пен коммуникацияға шығындарды өсiруге мүмкiндiк бердi.

Мәлiк Мырзалин өнеркәсiп кәсiпорындары мен аграрлық секторды цифрландыру бойынша жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы баяндады. Бүгiнгi таңда 20-дан аса өнеркәсiптiк команиялар өз өндiрiстерiнде цифрлық технологияларды пайдаланып отыр. Технологиялық жаңғырту мақсатында олар 40 млрд. теңге игердi, ол өткен жылғы деңгейден 2 есе көп. Астық алқаптарының электрондық картасы құрылды, бiрiншi рет жерлердiң космостық мониторингi ұйымдастырылды.

Аграрлық секторда кешендi iс-шаралар жүйесi жүргiзiлдi. Басым дақылдар алқаптарын әртараптандыру шеңберiнде үстiмiздегi жылы 150 мың гектарға кеңейтiлдi. Мемлекеттiк қолдаудың арқасында ақмолалық диқандар минералды тыңайтқыштарды 2 есе көп қосты, 1000 бiрлiкке жуық әртүрлi жоғары өнiмдi техникалар сатып алды.

Мәлiк Мырзалин өткен жылы ауыл шаруашылығы басқармасының, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң алдына қойылған бiрақ орындалмаған мiндеттердiң қалай шешiлетiнi бойынша жоспарымен бөлiстi - ет өңдеу бойынша қуаттылықтың жүктелуiн 75%-ға, сүт бойынша 60%-ға өсiру. Негiзгi мiндет қолданыстағы және жаңа құрылған iрi бордақылау алаңдарының базаларында якорлық кооперация енгiзуге жүктеледi. Ағымдағы жылы мал бордақылау кәсiпорындарының қуаттылығы 10 мың мал орнына өседi. Сонымен қатар, Ақкөл, Астрахан, Бұланды және Зерендi аудандарында 7 мың бас сауын сиырға арналған 5 iрi сүттiк-тауарлық ферма құру жоспарланып отыр.

Елбасының Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн дамыту бойынша берген тапсырмасы шеңберiнде тамақ өнiмдерi өндiрiсi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырған 111% құрады. Облыс әкiмiнiң айтуынша Ақмола облысы Астана қаласының қажеттiлiгiн ет пен сүт өнiмдерi бойынша 33%, жұмыртқа бойынша - 92%. қамтамасыз етедi. Өз өндiрiсiмiздi дамыту мен құс етiн жеткiзудiң нақты мүмкiндiгi елiмiздегi ең iрi жобалардың бiрi - қуаттылығы жылына 50 мың тонналық Макинск құс фабрикасын iске қосқанда пайда болады, оны 28 қыркүйекте iске қосу жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шыққанда Макинск кәсiпорны елiмiздегi құс етi импортының 30%-ын жабады.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 31 көп қабатты тұрғын үй құрылысы салынуда. Үстiмiздегi жылы 14 жалға берiлетiн және 4 кредиттiк үйлер пайдалануға берiледi, ал «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жүргiзiлуде. Мысалы, Есiл қ. және Шаңтөбе кентiнде қазандық құрылыстары, Степногорск қ. Ақсу және Заводской кенттерiнде сумен жабдықтау жүйелерiнiң, Державинск қаласында кәрiздiк тазалау қондырығысы жобалары аяқталуда.

Мәлiк Мырзалин МЖӘ шеңберiнде көп қаржылы жоба - Көкшетау ТЭЦ құрылысы жүзеге асырылатыны жеткiздi. Тамызда екi кезеңдi конкурс аяқталды, құрылысты жүзеге асыратын жеке меншiк әрiптес анықталды.

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтуды арттыру мақсатында облыста 35 жоба жүзеге асырлуда, Оның 10-ын үстiмiздегi жылы аяқтау жоспарланып отыр. 220 км су құбырлары және 21 км кәрiз желiлерi тартылады. Сонымен қатар, облыс әкiмi шағын және орта бизнестi, көлiк инфрақұрылымын, өңiрдi кезең-кезеңдеп газдандыруды дамытуға, облыс орталығы мен Астана қаласына iргелес аймақты бұдан әрi дамытуға егжей-тегжейлi тоқталып өттi.

Облыс әкiмiнiң есебiн тыңдап, облыстық мәслихаттың депутаттары Берiк Ақылбеков пен Ирина Жукова ұсынылған жергiлiктi атқарушы органдар жұмысының егжей-тегжейлi талдауында жақын перспективаға мiндеттер белгiленгенiн және олардың жүзеге асырылуына белсендi қатысу - бұл атқарушы және өкiлеттi билiктiң ортақ мiндетi екендiгiн атап көрсеттi. Депутаттар облыс әкiмiнiң есебiн бiр ауыздан мақұлдады.

Бүгiн Көкшетауда облыстық мәслихаттың кезектi сессиясы өткiзiлдi, онда депутаттардың алдында өңiр басшысы Мәлiк Мырзалин өзiне жүктелген функциялар мен мiндеттердiң орындалуы бойынша есеп бердi.

Өзiнiң есептiк баяндамасында облыс әкiмi ағымдағы жылы Ақмола облысында үдемелi даму сақталып отырғанын айтты. Елбасының жыл сайын экономика өсiмiн қамтамасыз ету жөнiндегi тапсырмасы орындалуда. Базалық секторларда қарқын өткен жылғыдан жоғары. Өңiр экономикасына 166 млрд. теңге инвестицияланды, өсiм 9,4%. Тартылған жеке инвестициялар көлемi 44%-ға өстi. Соңғы 2 жылда даму бюджетi 2 есе өсiп 38 млрд. теңге құрады. Бұл әлеуметтiк салаға, ТҮКШ, көлiк пен коммуникацияға шығындарды өсiруге мүмкiндiк бердi.

Мәлiк Мырзалин өнеркәсiп кәсiпорындары мен аграрлық секторды цифрландыру бойынша жүргiзiлiп жатқан iс-шаралар туралы баяндады. Бүгiнгi таңда 20-дан аса өнеркәсiптiк команиялар өз өндiрiстерiнде цифрлық технологияларды пайдаланып отыр. Технологиялық жаңғырту мақсатында олар 40 млрд. теңге игердi, ол өткен жылғы деңгейден 2 есе көп. Астық алқаптарының электрондық картасы құрылды, бiрiншi рет жерлердiң космостық мониторингi ұйымдастырылды.

Аграрлық секторда кешендi iс-шаралар жүйесi жүргiзiлдi. Басым дақылдар алқаптарын әртараптандыру шеңберiнде үстiмiздегi жылы 150 мың гектарға кеңейтiлдi. Мемлекеттiк қолдаудың арқасында ақмолалық диқандар минералды тыңайтқыштарды 2 есе көп қосты, 1000 бiрлiкке жуық әртүрлi жоғары өнiмдi техникалар сатып алды.

Мәлiк Мырзалин өткен жылы ауыл шаруашылығы басқармасының, аудандар мен қалалар әкiмдерiнiң алдына қойылған бiрақ орындалмаған мiндеттердiң қалай шешiлетiнi бойынша жоспарымен бөлiстi - ет өңдеу бойынша қуаттылықтың жүктелуiн 75%-ға, сүт бойынша 60%-ға өсiру. Негiзгi мiндет қолданыстағы және жаңа құрылған iрi бордақылау алаңдарының базаларында якорлық кооперация енгiзуге жүктеледi. Ағымдағы жылы мал бордақылау кәсiпорындарының қуаттылығы 10 мың мал орнына өседi. Сонымен қатар, Ақкөл, Астрахан, Бұланды және Зерендi аудандарында 7 мың бас сауын сиырға арналған 5 iрi сүттiк-тауарлық ферма құру жоспарланып отыр.

Елбасының Астана қаласының азық-түлiк белдеуiн дамыту бойынша берген тапсырмасы шеңберiнде тамақ өнiмдерi өндiрiсi өткен жылдың сәйкес кезеңiмен салыстырған 111% құрады. Облыс әкiмiнiң айтуынша Ақмола облысы Астана қаласының қажеттiлiгiн ет пен сүт өнiмдерi бойынша 33%, жұмыртқа бойынша - 92%. қамтамасыз етедi. Өз өндiрiсiмiздi дамыту мен құс етiн жеткiзудiң нақты мүмкiндiгi елiмiздегi ең iрi жобалардың бiрi - қуаттылығы жылына 50 мың тонналық Макинск құс фабрикасын iске қосқанда пайда болады, оны 28 қыркүйекте iске қосу жоспарланып отыр. Жобалық қуаттылығына шыққанда Макинск кәсiпорны елiмiздегi құс етi импортының 30%-ын жабады.

«Нұрлы Жер» бағдарламасы бойынша 31 көп қабатты тұрғын үй құрылысы салынуда. Үстiмiздегi жылы 14 жалға берiлетiн және 4 кредиттiк үйлер пайдалануға берiледi, ал «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша коммуналдық шаруашылықты жаңғырту жүргiзiлуде. Мысалы, Есiл қ. және Шаңтөбе кентiнде қазандық құрылыстары, Степногорск қ. Ақсу және Заводской кенттерiнде сумен жабдықтау жүйелерiнiң, Державинск қаласында кәрiздiк тазалау қондырығысы жобалары аяқталуда.

Мәлiк Мырзалин МЖӘ шеңберiнде көп қаржылы жоба - Көкшетау ТЭЦ құрылысы жүзеге асырылатыны жеткiздi. Тамызда екi кезеңдi конкурс аяқталды, құрылысты жүзеге асыратын жеке меншiк әрiптес анықталды.

Орталықтандырылған сумен жабдықтаумен қамтуды арттыру мақсатында облыста 35 жоба жүзеге асырлуда, Оның 10-ын үстiмiздегi жылы аяқтау жоспарланып отыр. 220 км су құбырлары және 21 км кәрiз желiлерi тартылады. Сонымен қатар, облыс әкiмi шағын және орта бизнестi, көлiк инфрақұрылымын, өңiрдi кезең-кезеңдеп газдандыруды дамытуға, облыс орталығы мен Астана қаласына iргелес аймақты бұдан әрi дамытуға егжей-тегжейлi тоқталып өттi.

Облыс әкiмiнiң есебiн тыңдап, облыстық мәслихаттың депутаттары Берiк Ақылбеков пен Ирина Жукова ұсынылған жергiлiктi атқарушы органдар жұмысының егжей-тегжейлi талдауында жақын перспективаға мiндеттер белгiленгенiн және олардың жүзеге асырылуына белсендi қатысу - бұл атқарушы және өкiлеттi билiктiң ортақ мiндетi екендiгiн атап көрсеттi. Депутаттар облыс әкiмiнiң есебiн бiр ауыздан мақұлдады.

 

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru