ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Тікелей сұқбат

17.09.2018

Ирина ЖУКОВА, №11 Шортанды сайлау округінен облыстық мәслихат депутаты:

  - Менің пікірімше, депутаттардың алдында берген облыс әкімі Мәлік Мырзалиннің есебі мемлекеттік бағдарламаларды облысымызда жүзеге асырудағы орны мен рөлін түсінуге мүмкіндік берді. Мен облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының терең, жан-жақты тексерілген талдауын сезіндім. Ақмолалықтардың тұрмыс деңгейін көтеруге бағытталған облыстық құрылымдардың және оның командалық звеносының жұмысы туралы кең көлемді, толық ақпарат берілді. Алдағы перспективаның мақсаттары мен міндеттері анықталды.

Алты айлық жұмыс ішінде көп нәрсе орындалды. Біздің облыс экономиканың барлық салаларында тұрақты дамудың орнықты динамикасын сақтап келеді. Облыс тұрғындарының алаңдаушылығын тудыратын мәселелерді шешуде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Облыс әкімі қол жеткізген жетістіктер туралы есеппен шектеліп қана қоймай, қорларды да қайда жұмсау керектігі қуантады. Өз есебінде Мәлік Кеңесбайұлы барлық билік органдары алдында нақты міндеттер қойды. Экономиканың индустриалдық секторындағы міндеттер анықталды. Агроөнеркәсіп секторында  астық жинау науқанын уақтылы және сапалы жүргізуге бағытталған.

Бір сөзбен айтқанда, жылды ойдағыдай аяқтау үшін көп күш жұмсауды қажет етеді. Міндеттер мен мақсаттар анықталды, тек оларды іске асыру ғана қалады. Біз, мәслихат депутаттары, жергілікті қауымдастықтың проблемаларын шешуде өзіміздің рөліміздің артып келе жатқанын ұмытпауымыз керек. Мен ауылдық округ әкімдерін мәслихаттарға сайлау құқығын ұсынуды айтып отырмын. Бұл бізге орындарда барлығына қатысты одан да үлкен жауапкершілік жүктейді. Ағымдағы шақырудың екі жылы ішінде халық қалаулылары қоғамдағы орны мен рөлін жеткілікті түсінді, атқарушы органдармен өзара әрекеттесуді үйренді және негізінен, сайлаушылардың мүдделерін қорғайды.

Дегенмен де, біз орындардағы барлық жағдайға атқарушы билік органдарымен бірге жауапкершілік жүктелгенін ұмытпауымыз керек. Сондықтан да депутаттар облыстың бірінші басшысымен қойылған міндеттерді шешуге белсене араласып, биылғы жылдың табысты аяқталуына үлес қосуы керек.

 

Дереккөз: «Акмолинская правда» облыстық қоғамдық-саяси газетінің  интернет-нұсқасы

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru