ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Біржан сал ауданы мәслихатының тұрақты комиссияларының кезекті көшпелі отырысы

18.09.2018

   Мемлекеттік саясатты іске асыру - жергілікті билік органдарының ең тиімді тетігі. Дәл осы өкілді органның деңгейінде билік барынша қарапайым адамдар мен олардың  қажеттіліктеріне жақын.

Аудандық мәслихатқа жаңа сайланған шақырылым депутаттары барлығы екі жарым жыл ішінде өз сайлаушыларының істерімен айналысуға тырысты.

Біржан сал ауданының мәслихат депутаттары өз қызметтерінде  тұрғындармен жұмыс жасауда жұмыстың түрлі әдістерін таңдап  қолданатындығын айта кету керек.

Мәслихат депутаты - адамдардың билікке деген көзқарасын өзгертер, жалпы алғанда ерекше адам. Депутат тек халықпен жұмыс атқармайды, мемлекеттік органдармен, түрлі ұйымдармен  байланыс жасап, халықтың мүддесін қорғау, өмір сүру деңгейін қамтамасыз етеді.

Халық қалаулыларының  рөлі мен жауапкершіліктерін арттыруда  тұрақты комиссиялардың  көшпелі отырыстары пәрменді құралы болып табылады. Бұл отырыстардың басты міндеті - өңірлердегі істердің жай-күйі туралы ақпараттарды депутаттарға айтып, олар арқылы жоғары билік органдарына жеткізу.

Аудандық мәслихаттың  аппараты мен депутаттар корпусы  жұмыс жоспарларына сәйкес бір ай ішінде жемісті қызмет жасады. А.В.Бочковскийдің басшылығымен жұмыс тобы Заозерный селосында болып, денсаулық, білім, әлеуметтік салалар мен олардың жұмыстарымен танысты.

Заозерный селосы бұрынғы уран кен орны бар, тұрғындарының саны 10 мыңға жеткен жұмысшы поселкесі. Ол Целинный кен-химиялық комбинатының Степногорск қаласындағы кешенінің құрамына кірген. Құпия  саналып, Мәскеуден тікелей қамтамасыз етіліп отырған.

Мектеп, екі балабақша, аурухана, емханасы бар. Заманауи спорт кешені, бассейн және атлетикалық  гимнастика  залдары, тегіс  таза көшелері бой алған, өз қазандықтары мен автобазасы, мал шаруашылығы фермасы, суы мен газы бар көп қабатты үйлері, галантерея, сырт, тоқыма киімдері бар сауда орталықтары болған. Селоның байырғы тұрғындары міне, осыны ұмытпайды.

90-жылдары гүлденген кенттің шахталары жабылып, инфрақұрылымы бұзылып, мәскеулік қамтамасыз етілу де тоқтатылды.Тұрғындар жұмыстарын жоғалтып,ауылдан көше бастады. Бүгінгі күні селода небары 300-ге жуық қана адам тұрады. 

Депутаттардың көшпелі отырысының негізгі мақсаты - ауыл тұрғындарының қазіргі хал-жағдайларын көзбен көру, қандай мәселелер туындайтындығын ескеру болып табылады.

Халық қалаулылары өз жұмыстарын село әкімінің офисінен бастап, шағын орталық, мектеп, кітапхана және медициналық пунктте болып, олардың жұмыстарымен танысып өтті.

Депутаттар нысандарды қызығушылықпен аралай жүріп, басшыларымен әңгімелесіп, олардың пікірлерін де назардан тыс қалдырмады.

Жұмыс барысында аудандық мәслихаттың хатшысы С.Ж.Шәуенов, осы округ бойынша депутат С.Қ.Ақышев,  аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар  бөлімінің басшысы Н.Х. Құлағнанова соғыс ардагері Н.В. Посягинмен кездесті.

Комиссия отырысының пленарлық бөлімі аудандық мәслихаттың хатшысы С.Ж.Шәуеновтің төрағалық етуімен мектептің мәжіліс залында  жалғасты.

Отырысқа аудандық мәслихаттың қызметкерлері, жергілікті қоғам мүшелері, мемлекеттік мекемелердің басшылары мен село тұрғындары қатысты.

Депутаттар алдында өз жұмысы туралы есеппен село әкімі С.Ә.Жалмұқанов сөйледі.

Өз есебінде әлеуметтік-экономикалық, жоспарлары мен өзекті мәселелері туралы, селоның жай-күйіне тоқталды.

Жергілікті тұрғындар отырыс барысында белсенділік танытты.

Округ тұрғындары бірнеше мәселелерді көтерді: оның ішінде жол мәселесіне байланысты ауылға дейінгі жол жағдайының  қанағаттанарлықсыз болғандықтан жай жолмен жүруге тура келеді.

Халықты қыс мезгіліндегі мектеп ғимаратының жылуы алаңдатады. Мектеп қысқы кезеңде өткен жылы суық болды, биылғы жылы жылу жүйесінің жөнделуі аяқталуда. Бюджет қаражаты кең мөлшерде жұмсалуына қарай оң нәтиже бола ма деген сұрақ туындады.

Медициналық пункттің материалдық-техникалық базасы әлсіз. Медициналық  қызметкер қажеттілік етеді.

Сонымен қатар ауыл тұрғындарын нанмен, жұмыспен, жекелеген пәтерлерде, мемлекеттік мекемелер офистерінде кәріз жүйелері және  электр қуатымен қамтамасыз ету мәселелері көтерілді. Заозерный ауылы тұрғындарының халықтың өмір сүру жағдайын жақсарту проблемалары айтылды.

Отырыс барысында көптеген көтерілген мәселелерге жауаптар беріліп, түсіндірілді.

Тұрақты комиссияның төрағасы А. Бочковский жұмыс тобының жұмысына тоқтала келе, бұл елді мекенде көп  мәселенің әлі  де болса тұрмысын жақсартуда шешімін тауып, халықтың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру мәселелерін қолға алуды қадап айтты. Тұрақты комиссия отырысы жұмысының қорытындысын аудандық мәслихаттың хатшысы С. Ж.Шәуенов шығарды.

Ол отырысқа белсене қатысқан ауыл тұрғындарына алғысын білдіре отырып, жоғарыда көтерілген мәселелердің барлығын аудан басшылығына жеткізетінін атап өтті. Ауыл әкімі аппараты, жергілікті қоғам бірлесе үйлесімді жұмыс атқарған уақытта селоның әлеуметтік-экономикалық дамуының оң нәтижелерге қол жеткізуге  болатынына тоқталды.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде тұрақты комиссия Заозерный ауылы әкімінің есебі өзіне жүктелген функциялар мен міндеттерді орындау туралы назарға алынуына қаулы етті.

Депутаттар ауыл әкімі мен мәселелер бойынша қатысты қаралатын аудандық мекемелердің басшыларына, округтің әлеуметтік-экономикалық даму, халықтың өмір сүру деңгейін арттыруға, тұрмысы төмен азаматтарды әлеуметтік қорғауын, медициналық қызметтердің сапасын арттыру, экологиялық жағдайды жақсарту, ведомстволық бағынысты мекемелердің материалдық-техникалық базасын нығайту, әдістемелік және практикалық көмек көрсету, кадрларды ауылда бекіту, анықталған кемшіліктерді жою үшін ұсыныстар берілді.

Депутаттар өз жұмысын өткен жылы жаңа іске қосылған өндірістік қуаттылығы жылына 2 млн. тонна цемент шығаратын, ірі құрылыс индустриясы жобаларының бірі болып табылатын  «Көкше цемент» зауытына барумен жалғастырды.

Ауылдықтардың  басты үміті- елді мекендегі қазіргі уақытта 700 адам жұмыс жасап отырған зауытта.

Зауыт директорының міндетін атқарушы М.Ж.Искиндиров депутаттарды қарсы алып, кәсіпорынның жұмысы бойынша саяхат өткізіп, цемент өндіру құрал-жабдықтармен таныстырып, жоспарлары туралы айтып өтті.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru