Үстіміздегі жылғы 20 қыркүйек күні Көкшетау қалалық мәслихатының депутаты Р.С. Калишевтің төрағалығымен мәслихаттың тұрақты комиссиясының көшпелі отырысы өтті. Оған негіз Нұрлы көш тұрғын алабының тұрғындарының ұжымдық шағымы болды.
Отырысқа мәслихат хатшысы Е.Т.Есімбаев, мәслихат депутаттары, мемлекеттік органдардың басшылары, «Сара» қоғамдық қорының басшысы және Нұрлы көш тұрғын алабының тұрғындары қатысты.
Отырыс барысында ауыл тұрғындарын күнделікті алаңдатып отырған өзекті мәселелері көтерілді. Мысалы, салынған үйлердің нашар сапасы, шағын ауданды абаттандыру, көгалдандыру, балабақша құрылысы және т.б. сияқты мәселелер.
Тұрғындардың атынан Туғанбай Жырғау аталған шағын ауданның өмірін жақсартуға тұрғындардың тілегін жеткізді.
Комиссия отырысының қорытындысы бойынша Нұрлы көш тұрғын алабында тұрғын үйлерді түгендеу, үйлердің аулаларын қарау, мектеп жасына дейінгі балалардың санын анықтау, сондай-ақ абаттандыруға, көгалдандыруға және жолдарға қиыршық тас төсеуге қаражат табу үшін бірқатар нақты ұсынымдар берілді.
Көкшетау қалалық
мәслихатының аппараты

