Үстіміздегі жылғы 27 қыркүйекте депутат Әсен Жақсылықовтың төрағалық етуімен облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық әдеп, экология және табиғатты пайдалану мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының кезекті отырысы өтті, онда «Аршалы ауданы мен Ақмола облысының басқа өңірлеріндегі экологиялық жағдайдың жай-күйі туралы» мәселесі қаралды.
Комиссия отырысына облыстың бірқатар ведомстволары мен басқармаларының басшылары, БАҚ өкілдері шақырылды.
Ә. Жақсылықов отырысқа қатысушыларды қарастырылып отырған мәселе туралы хабардар етті. Алғы сөзді отырысқа қатысушылардың сұрақтарына жауап берген табиғи ресурстарды реттеу және табиғатты пайдалану басқармасы бастығының орынбасары К.Б. Біржекеев баяндады.
Аршалы аудандық мәслихатының хатшысы Қайрат Шедербеков те сөз сөйледі.
Аршалы аудандық мәслихатының депутаттары өңірдің экологиялық мәселелерін шешу жөнінде ұсыныстар енгізді. Халық қалаулыларының пікірі бойынша олардың қызметі қоршаған ортаға үлкен залал келтіріп, қоршаған ортаның жай-күйіне, атмосфералық ауаға және халықтың денсаулығына кері әсерін тигізеді. Аршалы аудандық ауруханасының мәліметі бойынша 286 онкологиялық науқас тіркелді.
Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясы қиыршық тас карьерінің жұмысына лицензия беру мәселесін бақылауды, сондай-ақ кәсіпорындардың қызметіне бақылау жүргізу шараларын күшейтуді шешті. Сонымен қатар, облыстық Ішкі істер департаментіне ауыр жүк көліктерінің қозғалысын бақылауды күшейтуге қолдау көрсету туралы хат жіберу қажет. Заңдылық пен құқық тәртібі мәселелері бойынша қабылданған шешімдер облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясына жүктелді.


