Қазіргі уақытта Қостанай қаласында Алматы қаласының «Ақпараттық-ресурстық орталығы» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қоғамдық кеңестердің қызметі туралы екі күндік оқыту семинары өткізіліп жатыр.
Семинар Қоғамдық кеңестің қызмет тиімділігін арттыруға ықпал ететін Қоғамдық кеңес мүшелерінің біліктілігін және құзыреттілігін, білімі мен практикалық дағдыларын жақсартуға бағытталған.
Семинарға Ақмола облысының Қоғамдық кеңес мүшелері: В.Төлегенова (облыстық кеңес), Б.Төребекова (Көкшетау қ.), У.Ахметова (Жарқайың ауданы), М.Серікбаев (Егіндікөл), Н.Горицына (Целиноград), К.Мажиков (Бурабай), У.Комбатурова (Атбасар), Е.Нұртазин (Есіл) қатысады.



