Осы аптада облыстық Қоғамдық кеңестің мүшелері С.Елубаев, Г.Марченкова және мәслихат депутаттары Қ.Сұлтанов, Е.Мащинская «Жастармен тәрбие жұмысының проблемалары туралы» мәселені зерделеу аясында Көкшетау қаласындағы (№2 ОМ, № 4 ОМ, жоғарғы колледж, азаматтық қорғау көпсалалы колледжі), Зеренді (М. Ғабдуллин атындағы жалпы білім беретін мектеп және №1 ОМ) және Сандықтау (№1 ОМ және №2 ОМ) аудандарындағы бірқатар оқу орындарында болды.
Мектептер мен колледждердің педагогтарымен және оқушыларымен кездесулер өткізілді, олардың арасында жасырын сауалнама жүргізілді. Респонденттерді қамту шамамен 200 оқушы мен 70 мұғалімді құрады.
Жастарды тәрбиелеу мәселесін талдау жақын арада кеңейтілген кеңесте мүдделі мемлекеттік органдармен және ведомстволармен талқылау жоспарланған бірқатар мәселелерді анықтады.



