ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жолдау жолдарынан

08.10.2018

Облыстық мәслихат депутаты П.Н.Безвербный:

Облыстық мәслихат депутаттары Н.Назарбаевтың жыл сайынғы Жолдауын ерекше энтузиазммен қабылдады, себебі аталған құжат еліміздің және оның барлық өңірлерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін үлкен болашағы бар. Жаңа Жолдаудың әрбір тармағы әрқайсымыз үшін өте маңызды.

Жолдауда Елбасы атап өткендей, өңірлік деңгейде қорларды іздеп, бұқаралық спорт пен дене шынықтырудың қолжетімділігін арттыру қажет. Кемінде 100 шақты дене шынықтыру-сауықтыру кешендерін салу тапсырылды. Сондай-ақ, бар спорт ғимараттарын, әсіресе мектептердегі спорттық үй-жайларды тиімді пайдалану қажет, дене шынықтыру үшін аулаларды, саябақтарды, алаңдарды жабдықтау қажет.

Айтпақшы, бүгін облыстық Қоғамдық кеңесі және облыстық мәслихаттың әлеуметтік мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы «Жастармен тәрбие жұмысының проблемалары туралы» мәселені көтереді.

Жастардың бос уақытымен айналыса отырып, барлық тапсырмаларды орындаудың тағдыры, сөзсіз, салауатты ұлтқа, жастардың азаматтық ұстанымына, оның әлеуметтік-саяси белсенділігі мен рухани-адамгершілік бағдарына байланысты екенін атап өткім келеді.

            Жастардың көбі өз еліне пайдалы болғысы келеді, олар өздерінің жақсы көретін істерімен айналысқанды қалайды, өздерінің жұмысына лайықты еңбекақы алғысы келеді. Бірақ жастар барлық қиындықтарды өз бетімен шешуі мүмкін емес. Жас ұрпақтың өміріне мемлекеттің және үкімет барлық салаларының мақсатты, жүйелі түрде қатысуы жастардың барлық мәселелерін шеше алады.

Өз Жолдауында Президент негізгі бағдарды кәсіби диагностика жүргізудің және балаларды ең қажетті мамандықтарға бағыттаудың маңыздылығын анықтады. Бұл жеке оқу жолын құруға және оқушы мен оқытушының жұмыс жүктемесін азайтуға мүмкіндік береді. Жас қазақстандық ұрпаққа Президент жаңа бағыттың қозғалтқышы болуы, жаңа бәсекеге қабілетті мемлекет құруы тиіс екенін атап өтті.

2019-2021 жылдары білім берудің қолжетімділігін арттыру мақсатында үш ауысымдық және апатты мектептермен байланысты проблемалар мен оқушы орындардың жетіспеушілігін еңсеру үшін өңірлерге қосымша 50 миллиард теңге бөлінеді. Бұл оқушылар мен мұғалімдерге мемлекет тарапынан үлкен қолдау. Балалар қауіпсіздігінің маңыздылығы да ескеріліп, барлық мектептер мен балабақшалар бейнебақылау жүйелерімен жабдықталады, мектеп психологтарының жұмысы күшейтіледі.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru