ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

"Қазіргі жастардың проблемасы" тақырыбына дискуссия

23.10.2018

    Қоғамдық кеңестің кеңейтілген отырысы күн тәртібінің негізгі тақырыбы - жастардың өзекті мәселелерін талқылауға кіріспес бұрын қатысушылар табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу, ауыл шаруашылығы, білім және басқалар ұсынған 10 нормативтік құқықтық актілердің жобаларын қарады.

Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысына «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялардың көлемін бекіту туралы» құқықық акті жобасы туралы, оның ішінде тұрғындар үшін мал шаруашылығы өнімдерінің түпкілікті шығындарына әсер ету туралы,  қабылданатын қаулының экономикалық тиімділігі туралы көптеген сұрақтар қойылды.

«2018-2019, 2019-2020, 2020-2021 оқу жылдарына мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» облыс әкімдігінің қаулысына өзгерістер енгізу туралы» білім басқармасының нормативтік актісі үлкен қызығушылық тудырды. Басқарма басшысы техникалық, гуманитарлық және экономикалық мамандықтар бойынша орын сандарының өзгерістері туралы қатысушыларға хабардар етті.

Сонымен қатар, Кеңес мүшелері мен депутаттар «Жастармен тәрбие жұмысының проблемалары туралы» мәселені қарауға кірісті.

Мәселелерді егжей-тегжейлі зерделеу үшін бұдан бұрын жұмысшы топ құрылған болатын, олар оқу орындарына барып, мұғалімдермен және оқушылармен әңгімелесу өткізілді және жасырын сауалнама ұйымдастырылды.

Жұмыс тобы дайындаған талдаудың қорытындыларын оның жетекшісі Сағынтай Елубаев жасады. Олар 15-29 жас аралығындағы жастардың саны 2013 жылы 173 мыңнан 2017 жылы 149 мың адамға дейін төмендегенін атап өтті. Мұның себептерінің бірі - жастардың көші-қоны болып табылады. Басқа да проблемалық мәселелер олар жасаған құқық бұзушылықтар мен қылмыстар, өз-өзіне қол жұмсау, есірткі мен алкогольге тәуелді болу және жасөспірімдік жүктіліктің санының көбеюі болып табылады.

Жастар саясаты басқармасының басшысы Тимур Ысқақов жастар саясаты саласындағы, соның ішінде жас ақмолалықтар өкілдерінің азаматтық белсенділігі мен патриоттық тәрбиесін арттыру жөнінде атқарылып жатқан жұмыстар туралы айтып берді.

Талқылауға Салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының, «Облыстық психологиялық сауықтыру орталығы» ШЖҚ МКК, қорғаныс департаментінің және т.б. мекемелердің өкілдері қатысты.

Жастар саласындағы бірқатар проблемалық мәселелерді шешу үшін тиісті ұсынымдар мен ұсыныстар атқарушы органдарға жіберілетін болады.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru