ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Облыстық мәслихаттың кезектен тыс 25-сессиясы болды

31.10.2018

Сессияның күн тәртібіне «Ақмола облысында уақытша жер пайдалану құқығындағы ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің шекті (ең жоғары) мөлшерлерін белгілеу бойынша ұсыныстар енгізу туралы» сұрағы енгізілді.

         Аталған сұрақ бойынша жер қатынастары басқармасының басшысы Алмагүл Қадыралина баяндады. 

         Баяндамашының түсініктемесіне сәйкес: «Республиканың ү.ж. 4 мамырдағы жер қатынастарын реттеу мәселелері бойынша кейбір заңнама актілеріне түзетулер енгізілуіне сәйкес Жер кодексіне кейбір өзгерістер енгізілді. Жер кодексінің 50-бабы 4-тармағымен Қазақстан Республикасының Үкiметi облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың өкілді және атқарушы органдарының бірлескен ұсынысы негiзiнде республиканың және бiр әкiмшiлiк ауданның (қаланың), облыстың шегінде ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлейдi, олар  жеке меншiк құқығымен Қазақстан Республикасының азаматында шаруа немесе фермер қожалығын жүргiзу үшiн, Қазақстан Республикасының мемлекеттiк емес заңды тұлғасында және оған үлестес тұлғаларда ауыл шаруашылығы өндiрiсiн жүргiзу үшiн болуы мүмкiн делінген.

Ауыл шаруашылығы алқаптарының түрлері бойынша жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлеу бір әкімшілік аудан шегінде өндірістің оптималды құрылымын ескере, жерлерді тиімді пайдалану үшін қажет. 

         ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің ү.ж. 12 қыркүйектегі бұйрығымен ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерiн белгiлеу әдістемесі бекітілді, оның негізінде аудандар мен қалалардың жергілікті атқарушы органдарымен жер учаскелерiнiң шектi (ең жоғары) мөлшерi есептелді».

         Сессия қорытындысы бойынша облыстық мәслихаттың тиісті шешімі қабылданды. 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru