ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Депутаттар Ақкөл қ. № 10 агротехникалық колледжінің оқушыларымен кездесті

13.11.2018

   Кездесудің тақырыбы жастар мен сыбайлас жемқорлыққа қатысты мәселелер болды. Бүгінгі жас ұрпақ - біздің ертеңіміз, біз олардың болашағын жемқорлықсыз болғанын қалаймыз. Мәслихат депутаттары өздерінің лауазымдарына аудан тұрғындарымен сайланады және сайлаушылардың ерік-жігерін білдіреді. Осылайша, олар өз құзыреті шегінде ауданның істерін басқаруға тікелей қатысады. Бұған аудандық бюджетті бекіту, жергілікті атқарушы органдардың есептерін тыңдау, аудандық комиссиялардың жеке құрамын келісу, жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы заңнамамен қарастырылған басқа қызметтер кіреді. Мәслихат депутаттары ауданның қоғамдық өміріне белсенді қатысады. Бұл тек мерекелік іс-шаралар ғана емес, сонымен қатар қайырымдылық шаралары, ауданымыздың әлеуметтік әлсіз тұрғындарына көмек және тағы басқалар. Бүгінгі күні олар ауылдық сумен жабдықтау желілерін, жол жөндеу жұмыстарын, «Юность» жазғы лагерін және тағы басқаларды қаржыландыруға қаражат бөлуге көмектесті. Олардың күш-жігерінің арқасында ауданда әрбір тұрғынға таныс көптеген проблемалар шешілді.

Ақкөл аудандық мәслихатының депутаттары жас ұрпаққа және оның тәрбиесіне ерекше назар аударады. Бұл кездесулер, байқаулар, викториналар, спорттық эстафеталар, материалдық көмек және басқа да іс-шаралар.

Ү.ж. қараша айының басында аудан депутаттары оқушылармен кездесу өткізіп, сыбайлас жемқорлық сияқты әлеуметтік зұлымдықтар туралы әңгімелесті, онымен күреске көптеген күш пен қаражат жұмсалатыны, экономикамызға кері әсер ететіні туралы айтылды.

Депутаттар К.Д.Нұрсадықов, Л.С.Хамхоева, Б.Д.Өмірбаев, Н.Г.Калашникова, А.К.Мананбаева, О.Т. Бертілеуов жастармен үлкен өмірлік тәжірибелерімен бөлісіп, нұсқаулар берді.

Мәслихат хатшысы Д.Т. Салыбекова кездесуді қорытындылады, қатысқаны үшін барлық қатысушыларға алғысын білдірді және бүгінгі кездесу білім мен құқықтық мәдениеттің іргетасына кірпіш болып қаланды деп өз пікірін білдірді. Барлық қатысушыларға және олардың отбасыларына денсаулық, бақыт, оқуда табыстар тіледі. Студенттер сауатты және сұранысқа ие маман болып, өз отбасылары мен тәуелсіз Қазақстанымыздың игілігі үшін жұмыс істеуіне тілек білдірді.

Ақкөл аудандық мәслихатының аппараты

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru