Бүгін елімізде алғаш рет латын графикасында қазақ тілінің алфавитін насихаттауға және кеңінен таратуға бағытталған республикалық акция өтті. Жалпы ұлттық диктант жазу жаңа қазақ алфавитін халық қалай қабылдайтынына талдау жасау үшін де жүргізілген болатын.
Латын алфавитіндегі алғашқы жалпыұлттық диктантқа Ақмола облыстық мәслихаты аппаратының қызметкерлері де қатысты.
Алдымен, жиналғандарға бұл бағалау диктанты емес, тек адамның жаңа қазақ әліпбиін меңгеру деңгейін тексеру болып табылатындығына назар аудару керектігіне нұсқаулық жасады.
Содан соң тыңдау үшін мәтін оқылды. Ыңғайлы болу үшін және ойлануға әрбір абзац алдында шағын үзілістер жасалды. Үшінші рет адамның дұрыс жазғанын тексеруге мүмкіндік беретін мәтін оқылып отырды.
