Қазан айында Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әнел Ерденова жеке мәселелер бойынша 25-тен астам азаматты қабылдады. Көп жағдайда тұрғындар тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жұмыспен қамту, мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй алу мәселелеріне алаңдайды. Осы жұмыспен қатар, Елбасының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» Жолдауын түсіндіру бойынша ауылдық округтердегі сайлаушылармен және Есіл қаласының еңбек ұжымдарымен кездесулер өткізілді.
Ауыл тұрғындары шағын және орта бизнесті дамытуға, «7-20-25» бағдарламасы бойынша тұрғын үй сатып алуға шағын несие алу мәселесін көтерді. Мысалы, Есіл қаласының тұрғыны, көпбалалы ана Наталья Бродовская «Күміс алқа» төсбелгісін алу үшін оған көп қағаздарды рәсімдеуге ұзақ күткені жөнінде жүгінді. Шағым бойынша депутаттарға жазбаша сауал жолданды, соның нәтижесінде награданы беру мерзімі жеделдетілді. Сондай-ақ қоғамдық қабылдауға жеке секторда тұратын, жалғыз басты зейнеткер Тамара Кузьмина үйге ауыз су жеткізу жөнінде арызданды. Бұл мәселе Есіл қалалық коммуналдық шаруашылық қызметкерлерімен оң шешімін тапты.
«Біздің міндетіміз -қоғамдық қабылдауға жүгінген кез келген адамға жауап беру. Бұл жұмыс форматы халықтың проблемаларына жауап берудің тиімді жүйесін құруға мүмкіндік береді және партиялық қызметтің әлеуметтік бағыттылығы айқын болмақ. Бұдан басқа, «Нұр Отан» қоғамдық қабылдауында келушілер мемлекеттік органдардың, ұйымдар мен кәсіпорындардың өкілдерімен, депутаттармен кездесіп, қандай мәселелер толғандыратыны, өз ұсыныстарын беріп, алғашқылардан ақпарат алуға мүмкіндік алады», - деді Әнел Ерденова.