ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Тікелей сұқбат

25.11.2018

    Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Ұлы Даланың жеті қыры» атты мақаласы Ұлы Даланы мекендеген қазақ елінің, мәдениетінің 40 ғасырлық тарихы бар екендігін дәлелдейтін нақты тарихи ой-тұжырымдармен жан-жақты көрсетілген және тағы бір  халықтың көкейінен шыққан тарихи туынды болып отыр. Осы мақала арқылы даңқты бабалар мен көне тарихтың ұлылығын Елбасы тарихи деректермен, жетістіктермен дәлелдеп жеткізді.

Ақмола жұртшылығы арасында үлкен қызығушылық туғызып, қолдауға ие болған мақала - өткен тарихымыз бен қазіргі тәуелсіз елдің жаңаша дамуындағы басым бағыттарын айқындап отыр.

Ең алдымен, Елбасы нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаhандық тарихтағы рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға бағыттай отырып, Ұлы даланың жеті қыры арқылы дүниежүзілік мәдениетке, ғылымға, жалпы қоғамдық дамуға өзінің зор үлесін қосқан өлкеде тұрып жатқан қазақстандықтарды жаңа кезеңге сай болуға шақырды. Ал бұдан туындайтын екінші бағыт - сананың жаңғыруы болса, сол қойылған талаптың тағы бірі - білімді болу, ғылымды дәріптеу.

Ұлы Даланың жеті қырының бірі жылқы малының қазақ халқымен бірге пайда болып дамып келе жатқандығы жайлы ой қорытуы - Ұлы Дала  қуатының тарихын көрсетеді.

Сонымен қатар, жануарлар бейнесін рухани және материалдық мәдениетінде ерекше көрсете білген бабаларымыздың әлемдік мәдениеттегі өзіндік орнының маңыздылығы нақты баяндалған.

Атақты бірінші «Алтын адамның» табылуы да, дала өркениетінің бай мұрасы да - көшпелілер мәдениетінің әлемдік өркениеттегі орны бар екендігін дәлелдеудің бастауы болып, Ұлы Даланың жеті қырының бірі ретінде көрсетілді.

Сонымен қатар, Түркістан қаласында өмір сүріп, ілім таратқан - Түркі халықтарының рухани көшбасшыларының бірі Қожа Ахмет Яссауи данаға ерекше баға берілген.

Елбасы тарихымызды жаңаша көзқараспен, ой санасынан өткізе отырып, терең зерделеуді ұсынып отыр. Әлемде еліміздің дамыған отыз елдің  қатарына еніп, бәсекеге қабілетті болуы тек дамыған технологиялар мен білімге ғана негізделмей, сонымен бірге болашаққа сеніммен қарайтын халқымен де танымал болмақ.

«Ұлы Даланың жеті қыры» жобасы ата-бабаларымыздың өркениеттік әлемнің дамуына қосып келе жатқан тарихи үлесін жаңғыртуға бағытталған және осы мақала жас ұрпақтың рухани жаңаруы мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға зор ықпал ететіні сөзсіз.

Мақалада туындаған міндеттерді орындауға бірлесіп күш салу  салып, бірлікте, ынтымақта жұмыс жасай отырып, еліміздің дамуы үшін үлес қосу - баршамыздың алдымыздағы азаматтық борышымыз. Елбасының мақаласын толығынан қуаттай отырып, облыстық мәслихаттың депутаттары өз жұмысын тиімді ұйымдастыруға күш жұмсайтынына сенімдімін.

 

Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы  Д.Нұрмолдин

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru