ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Ақмола облыстық мәслихатының жаңа аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы ХАБАРЛАМАСЫ

29.11.2018

     «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 10-бабына сәйкес (бұдан әрі - Сайлау туралы конституциялық заң) Ақмола облыстық мәслихаты жаңа аумақтық сайлау комиссиясын құру туралы хабарлайды.

Аумақтық сайлау комиссиясы жеті мүшеден тұрады.

Сайлау комиссиясының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Әрбiр саяси партия тиiстi сайлау комиссиясының құрамына бiр кандидатура ұсынуға құқылы.

Саяси партия сайлау комиссиясының құрамына осы саяси партияның мүшелерi болып табылмайтын кандидатураларды ұсынуға құқылы.

Саяси партиялардың ұсыныстары болмаған жағдайда, мәслихат басқа қоғамдық бірлестіктердің және жоғары тұрған сайлау комиссиясының ұсынысы бойынша сайлау комиссиясын сайлайды.

2018 жылғы 30 қарашадан 20 желтоқсанға дейін қалыптасқан сайлау комиссияларына қатысты саяси партиялар, өзге де қоғамдық бірлестіктер, олардың құрылымдық және одан жоғары тұрған бөлімшелері мәслихатқа келесі құжаттарды ұсынады:

1) сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы белгіленген нысанда электрондық және қағаз форматында мәлімет;

2) тиiстi сайлау комиссияларының құрамына кандидаттар ұсыну жөнiндегi саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң), жоғары тұрған сайлау комиссиясының шешiмiнен үзiндi көшiрме;

3) саяси партияның, қоғамдық бiрлестiктiң немесе олардың филиалдарының (өкiлдiктерiнiң) тiркеу құжатының көшiрмесi;

4) кандидаттардың белгіленген тәртіпте сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы өтініштері.

Сайлау комиссиясының құрамына кандидаттар туралы, сайлау комиссиясының жұмысына қатысуға келісім беру туралы мәліметтер мәслихат сайтында орналастырылған.

Сайлау комиссиясының құрамына ұсынылған тұлға Сайлау туралы Конституциялық заңның талаптарын сақтауға міндетті.

Сайлау комиссиясының мүшесі мәслихат орналасқан әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұруға тиіс.

Сайлау комиссияларының құрамына жақын туыстары (ата-аналары, балалары, бала асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері) немесе жұбайы (зайыбы) кіре алмайды.

Маслихатқа қағаз форматта ұсынылған барлық құжаттарға қол қойылуы, мөр басылуы және орындалған күні, орындаушының аты-жөні және телефон нөмірі көрсетілуі керек.

Сайлау комиссиясының құрамы бойынша ұсыныстарды қабылдау 2018 жылғы 20 желтоқсанға дейін дүйсенбіден жұмаға дейін 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліс сағат 13:00-ден 14:30-ға дейін жүргізіледі.

Д.Н. Нұрмолдин - облыстық мәслихат хатшысы.

Маслихаттың орналасқан жері: Көкшетау қаласы, Абай к., 83.

Жауапты тұлға - Баталов Булат Сабитұлы, каб. № 230, қалааралық телефон коды (87162) 25-61-93, ұялы телефон 8 701 242 59 27, электрондық мекен-жайы: bbs_62d@mail.ru, akm_maslihat@mail.ru

                                                                    Ақмола облыстық мәслихаты


Форма  заявления


Список кандидатов

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru