Қыстың бірінші күні Көкшетау Достық үйінде облыстық мәслихат депутаты, ОСКҚ Ақмола филиалы төрағасы Геннадий Осиненконың қатысуымен Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті күніне арналған дөңгелек үстел өтті.
Шараға 50-ден астам мектеп оқушылары мен олардың ата-аналары жиналды.
Геннадий Вениаминович негізгі баяндамашысы бола отырып, осы мерекенің тарихы туралы, Президентті жеке тұлға ретінде, оның еңбегі, оның арқасында Қазақстан жаңа экономикалық, саяси және мәдени перспективаларды ашып, жеке, тәуелсіз жолымен дамуы туралы, сондай-ақ оның Елбасымен жеке кездесулерін мақтанышпен еске алды..
«Біздің мемлекетіміздің көшбасшысы - өте харизматикалық тұлға. Онымен сөйлескен әрбір адам Нұрсұлтан Әбішұлының көзқарастары ерекше көрінеді», - деді депутат.
Қаланың сервистік-техникалық колледжінің директоры Л.Дробышева, атаман Д.А. Данелюк, каратэ до кекусинканнан жаттықтырушы Е.Сейітқалиев және еңбек ардагері Ү.Ниязбаева сөз сөйледі.



