ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Мәслихат сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджет бекітілді

13.12.2018

  Бүгін Ақмола облыстық мәслихатының жиырма жетінші сессиясында өңір басшысы Мәлік Мырзалиннің қатысуымен
 депутаттар 2019-2021 жылдарға арналған облыстық бюджетті бекітті. Сесиия жұмысына аудандық және қалалық
 мәслихаттардың хатшылары, облыстық басқармалар мен ведомстволардың басшылары, облыстық Қоғамдық кеңес
 мүшелері, үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің өкілдері қатысты.
Экономика және бюджеттік жоспарлау басқапрмасының басшысы Қанат Дүзелбаевтың айтуынша, үш жылдық 
бюджет жобасы білім беру, денсаулық сақтау, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және агроөнеркәсіптік кешен
салаларындағы мемлекеттік және салалық бағдарламалардың іс-шараларын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.

«Бюджет параметрлері 2019-2023 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларды іске асыру

бойынша іс-шаралар ескерілді», - деді Қанат Дүзелбаев.

Өз кезегінде, депутаттар Серік Аяғанов пен Сергей Кистин ұсынылған негізгі қаржылық құжат жобасы ақмолалық тұрғындардың өмір сүру деңгейін жақсарту үшін барлық шараларды қарастырып, мемлекеттік кепілдендірілген әлеуметтік пакет бойынша шығыстардың сақталуын қамтамасыз ететінін атап кетті.

Сонымен қатар, отырыста ауылдың атауларын ауыстыру және облыс аудандарының бірқатар ауылдарының әкімшілік-аумақтық құрылымын өзгерту туралы және басқа шешімдер қабылданды.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru