Сіздерді еліміздің ең басты мерекесі - Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Біздің қоғамда қалыптасқан ауызбіршілік, бейбітшілік пен келісімнің арқасында өңіріміз қарыштай дамып келеді, ең алдымен халықтың жайлы өмір сүру үшін барлық жағдай жасалуда. Мемлекетіміз қол жеткізген табыстардың арасында ақмолалықтардың да үлесі зор. Облысымызда экономика дамып, әлеуметтік проблемалар оң шешімдерін тауып, сол арқылы ішкі саяси тұрақтылық нығайып келуде.
Елбасы келесі жылды «Жастар жылы» деп атауы да аса маңызды болып отыр, бүгін еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігі, ардагерлердің даналығы мен құнды тәжірибелері жас ұрпақтың қолында. Осындай жастарымыз барда бізді лайықты келешек күтуде. Бірлік пен тыныштық сияқты жалпы азаматтық құндылықтарды сақтап, еліміздің болашағы үшін аға ұрпақтың жинаған мұрасын біз тек бірге арттыра аламыз.
Осы мереке Отанымыз, келер ұрпақ және тарих игілігі үшін мақсаттарға жетуге әрқашан күш-қуат пен сенімділік беріп, мемлекетіміздің тәуелсіздігі мен аймағымыздың сәтті дамуы сіздердің жетістіктеріңіз бен гүлденулеріңіздің сенімді кепілі болсын!
Бастауларыңызға табыс, дендеріңізге саулық тілеймін! Елімізде бейбітшілік пен гүлдену, әр үйде - татулық пен амандық орнасын!
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин