Кеше «Көкшетау» мәдениет сарайында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиналыс өтті. Шақырылғандардың қатарында облыстың беделді тұрғындары, олар өндіріс озаттары, еңбек ардагерлері, мемлекеттік органдардың, басқармалар мен ведомстволардың басшылары, қоғамдық, саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдардың, жастар бірлестіктерінің өкілдері бар.
Белгіленген дәстүрге сәйкес Тәуелсіздік күнінің қарсаңында жоғары мемлекеттік наградалар, құрметті атақтар мен дипломдармен ақмолалықтардың еңбегі облыстың, демек, еліміздің де әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін аталып өтті.
Олардың арасында:
Облыстық Қоғамдық кеңесінің төрағасы, «А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті» ЖУ президенті Сағынтай Зекенұлы Елубаев «Парасат» орденімен марапатталды;
Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, Целиноград ауданы «Шаңырақ» басқарушы компаниясы» ЖШС-нің бақылаушы кеңесінің төрағасы Максим Владимирович Божко «Құрмет» орденімен марапатталды.
Құттықтаймыз!!!

