Ә.Жақсылықовтың төрағалығымен өткен облыстық мәслихаттың отырысында аталған тақырыпты Ақмола облысы бойынша полиция департаменті бастығының орынбасары Р.Жанбеков, бірқатар облыстық басқармалардың басшылары тыңдалды.
Депутаттар жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жол-көлік оқиғаларын болдырмау және балалардың жол-көлік жарақаттануының алдын-алу үшін облыста көптеген жұмыстар атқарылып жатқанын атап өтті. Балалар мен жасөспірімдердің мектеп және мектепке дейінгі мекемелерде жол қозғалысы ережесін зерттеу бойынша арнайы сабақтар, әңгімелер, лекциялар, конкурстар, семинарлар түрінде олардың кінәсінен болған апаттардың алдын алу және болдырмау мақсатында іс-шаралар ұйымдастырылуда. Ата-аналарға арналған жаднамалар мен ұсынысдар таратылды.
Барлық жалпы білім беретін мектептерде ЖҚЖИ (жол қозғаоылысының жас инспекторлары) құрылымдары жұмыс істейді.
Сонымен бірге, кешенді әдістерді шешу үшін құқық қорғау органдары мен жергілікті атқарушы органдардың күштерін біріктіретін проблемалық мәселелер де анықталды.
Депутаттар тиісті қаулымен жергілікті атқарушы органдарға берген негізгі ұсыныстарының қатарында келесілер бар:
- арнаулы оқу орындарында жүргізушілерді оқытудың кәсіби деңгейін бақылау бойынша шаралар жүйесін әзірлеу;
- автокөлік құралдарының тұрағына арналған ресми учаскелердің міндетті түрде болуын талап ете отырып, жаңа тұрғын үйлер мен басқа да объектілерді салуға рұқсат беру тәртібі туралы мәселесін қарастыру;
- тұлғалардың денсаулығының жай-күйін мұқият тексеру және олардың автокөлік құралдарын басқаруға құқық беруге тиісті медициналық құжаттарды беру және т.б..




