21 және 25 желтоқсан аралығында аудандық және қалалық мәслихаттардың кезекті сессиясы өткізілді, сессияда 2019-2021 жылдарға арналған жергілікті бюджеттер қарастырылып, қабылданды.
Бюджет параметрлері 2019-2023 жылдарға арналған облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы негізінде әзірленді. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жыл сайынғы Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру бойынша іс-шаралар ескерілді.
Жалпы алғанда, Ақмола облысының бюджеті әлеуметтік-бағдарлаған бола тұрып, облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін қажетті барлық қажеттіліктерді ескеріп, қалыптастырылды, ақмолалықтардың өмір сүру деңгейін арттыру қарастырылды, мемлекеттік кепілдендірілген әлеуметтік пакет шығындарының көлемі сақталды. Бұл, ең алдымен, зейнетақылар, жәрдемақылар, стипендиялар және басқа да әлеуметтік төлемдер жайлы болды.




