Қасиетті еліміздің босағасын аттап, енгелі тұрған Жаңа 2019 жыл құтты болсын!
Жаңа жыл өткен жылдың қорытындысын жасап, атқарылған істі саралай отырып, бақытты болашаққа үміт, жаңа мүмкіндіктерге сенім ұялатып, алдағы бастамаларға жарқын келешек сыйлайтын кезең екендігі белгілі. Біздің көпұлтты мемлекетте татулық пен достықтың, ынтымақтастық пен бірліктің бұзылмас қамалы қалыптасты. Бұл жыл ақмолалықтар үшін де жемісті жыл болды. Аймағымызда жаңа кәсіпорындар іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылды. Тұрғын үйлер және әлеуметтік нысандар бой көтеріп, халық игілігіне берілді. Мұның барлығы ортақ істің оң нәтижесі.
Келер жыл да толағай табыстар әкеліп, халқымыз игілікке, мемлекетіміз молшылыққа, әр шаңырақ береке, бақыт пен шаттыққа кенеле берсін! Барлығымыз бір адамдай, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұсынған «Президенттің бес әлеуметтік бастамалары», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламаларын абыроймен іске асыратынымызға сенімдімін.
Жаңа жылда баршаларыңызға зор денсаулық, бақыт пен қуаныш тілеймін! Елімізді өркендету жолындағы қызметтеріңіз табысты болсын! Халқымыз аман, еліміз бүтін болып, қасиетті Отанымыз өркендей берсін.
Жаңа жыл әрбір жанұяға жақсылық әкелсін!
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин