ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жатқан тастың астына су бармас

17.01.2019

(2018 жыл ішіндегі Ақмола облыстық мәслихатының қызметі туралы есебі)

Алтыншы сайланған биліктің жергілікті өкілетті органдары жұмысының үшінші жылы аяқталды. Өкілетті органдардың қызметі ашық және айқын түрде жүргізіледі. Олардың жұмысына атқарушы билік органдарының, күш құрылымдарының басшылары ғана емес, сондай-ақ қоғамдық бірлестіктердің, үкіметтік емес ұйымдар мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері де қатысуы міндетті.

2018 жылғы қорытындыларды қорытындылай келе, Ақмола облысы депутаттық корпусының назарында Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауы және стратегиялық сипаттағы басқа да бағдарламалық құжаттардың орындалуын іске асырумен байланысты мәселелер болды деп айтуға болады.

Сессия жергілікті өкілетті органдардың негізгі қызмет түрі ретінде біздің жұмысымызда басты орынның бірін алады. Облыстық мәслихат депутаттары сессияда қаралып отырған мәселелер бойынша дұрыс шешім қабылдау үшін ұжымдық ізденіс барысында барлық күш-жігерін жұмсайды.

Есептік кезеңде облыстық мәслихат 9 отырыс өткізді, олардың 4-і кезекті. Шамамен 120 шешім қабылданды. Олардың арасында облыстың денсаулық сақтау саласын, елді мекендерді абаттандыру, жергілікті полиция қызметі, жер саласын дамыту,

ауылдардың атауларын қайта атау және т.б. мәселелер өзекті болып табылады.

Өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты атқарушы органдардың атқарған жұмысына терең талдау жасаудың тиімді нысаны облыстық мәслихат сессиясында облыс әкімінің жыл сайынғы есебі дәстүрге айналды.

Депутаттар өз өкілеттіктері шегінде негізгі мемлекеттік бағдарламалардың облыста іске асырылуына бақылау жасайды.

Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасының іске асырылуын бағалау денсаулық сақтау нысандарын жеңілдетілген дәрі-дәрмек препараттарымен, материалдық-техникалық жабдықталуымен қамтамасыз етуде кемшіліктерді, сондай-ақ онкологиялық ауруларды ерте кезеңдерде анықтау бойынша жұмыстарды күшейту, жергілікті жердегі эпидемиологиялық жағдайды бақылау және облыс өңірлерін медициналық препараттармен қамтамасыз ету моделін жетілдіру бойынша шаралар қабылдауды анықтады.

Сессияда егжей-тегжейлі талқылағаннан кейін ағымдағы экономикалық жағдай мен экономиканың негізгі салаларының даму тенденцияларын ескере отырып, Аумақтарды дамыту бағдарламасына өзгерістер енгізілді.

Сессиялық қызмет барысында бюджетті қалыптастыру, оның атқарылуы, оған өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесіне көп көңіл бөлінеді.

Маслихат сессиясында 2019-2021 жылдарға арналған бюджетті қабылдау алдында оны тұрақты комиссиялардың отырыстарында талқылау тәртібі енгізілді, оның барысында кірістер мен шығыстарды жоспарлау бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар жасалды. 2018 жылы барлық деңгейдегі депутаттар өз сайлаушыларының мүдделерін білдіре отырып, уәкілетті органға бюджеттік жоспарлау бойынша 56 миллиард теңге көлемінде 350 ұсыныс жібергенін айта кету керек, оның 65 жобасы мақұлданды. Басқа мәселелерді шешу үш жылдық бюджетті орындау кезінде жоспарланып отыр.

Құқықтық нормаларды көздейтін «Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңына сәйкес сессияның 30-дан астам шешімі әділет органдарында мемлекеттік тіркелуден өтті және мемлекеттік нөмір беру арқылы нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тізіліміне енгізілді.

Облыстық мәслихат экономиканың басым салаларын үнемі көзден таса қылмайды. 4 тұрақты комиссияның мүшелері болып табылатын депутаттар бүгін оларды жеке-жеке ұсынды. Өткен жылы комиссия әлеуметтік саланы, ауыл шаруашылықты, өнеркәсіпті дамытуға, облыстың экологиялық жағдайына, бюджеттің орындалуына қатысты 15 сұрақты зерттеп, қарады. 7 сұрақ бойынша жұмыс жоспарына сәйкес депутаттардың сапарлары ұйымдастырылды.

Мәселен, наурыз айында депутаттар-аграрлықтар Аршалы ауданындағы мал шаруашылығының және өңдеу өнеркәсібінің даму жағдайын зерделеу мақсатында «Капитал Натур Продукт»

ЖШС, «Ижевский» ПК, «Аян» диірмен-макарон комбинаты» ЖШС, «Поиск» аграрлық фирмасы» ЖШС болды.

Бұл салада депутаттар аудан әкімдігіне мал шаруашылығы өнімдерін экспорттау бойынша жоспарлы көрсеткіштерді орындау, мемлекеттік бюджеттен және басқа да көздерден бөлетін ақша қаражатты барынша тарту және игеру бойынша жұмыстарды жандандыруға шақырды.

Өнеркәсіптік даму және кәсіпкерлік саласында жүргізіліп жатқан жұмыстарды талдау үшін халық қалаулылары Көкшетау қаласындағы бірқатар индустриялық-инновациялық даму нысандарының, сондай-ақ Шортанды ауданының шағын және орта бизнес объектілерімен танысты.

Көкшетау қаласындағы «Республикалық ветеринариялық зертханасы» ШЖҚ РМК АОФ және Сандықтау ауданының ветеринарлық станциясына алдын ала барып, комиссия отырысында ветеринария саласының проблемалары да анықталды. Нәтижесінде тиісті мемлекеттік органдарға диагностикалық, профилактикалық және сауықтыру шараларының жоспарланған көлемдерін уақтылы қамтамасыз ету; ветеринариялық ұйымдар мен пункттерді интернет-байланыспен қамтамасыз ету және Ауыл шаруашылық жануарларын сәйкестендіру бағдарламасына техникалық қолдау көрсету жөнінде ұсынымдар берілді

Шортанды ауданының Жолымбет ауылында өткізілген жылжымалы комиссия отырысында Шортанды, Бурабай және Бұланды аудандарында арнайы әлеуметтік қызметтер сапасы мәселесі талқыланды, онда әлеуметтік көмек көрсету және өзін-

өзі жұмыспен қамтығандар үшін мемлекеттік қызметтердің толықтығы мен сапасын бақылауды күшейту қажеттілігі, өз-өзін қамтығандарға, жұмыссыздарға және табысы аз адамдарға жұмыспен қамтудың белсенді бағдарламаларына қатысуға тарту жайлы айтылды.

2019 жылды Елбасы «Жастар жылы» деп жариялағанын ескере отырып, депутаттардың назарында жастар саясатын тиімді жүргізу мәселесі болды. Мұғалімдермен және оқушылармен кездесу үшін Зеренді, Сандықтау аудандары мен Көкшетау қ. мектептеріне барды, олардың арасында сұхбат жүргізіліп, жасырын сауалнама ұйымдастырылды. Сауал алынған респонденттерді қамту шамамен 200 оқушы мен 70 мұғалімді құрады.

Комиссия мүшелерінің назарын аударған ең бастысы - біздің облыста соңғы бес жылда жас адамдар санының азайғаны, сондай-ақ жас ақмолалықтар арасында жұмыссыздық, қылмыс, өз-өзіне қол жұмсау, жасөспірімдердің жүктілігі мәселелері.

Облыс экономикасы үшін Селеті су қоймасының маңыздылығын ескере отырып, сәуір айында Степногорск қаласында «Балық ресурстарын және су қоймасының жануарлар дүниесін жай-күйі және пайдалану туралы» күн тәртібімен жылжымалы отырысы жүргізілді. Комиссияның алаңдаушылығы су қоймасындағы балықтардың биологиялық қорлары мен шаяндардың бақылаусыз браконьерлікпен аулануы және судың жоғарғы жағында мал жаюы салдарынан судың сапасының нашарлауынан туындады.

Депутаттар балықтардың жаңа түрлерін жіберу жұмыстарын жандандыру, су қоймасындағы жануарлар әлемін қорғау және қалпына келтіру, жағалаудағы беткейлерді нығайту, гидротехникалық қондырғыларды жөндеуге қаражат бөлу үшін жауапкершілікті күшейту сияқты мәселелерді өте маңызды деп атап өтті.

Комиссияның тағы бір кездесуі экологияға зиян келтіретін және халықтың денсаулығына теріс әсер ететін елді мекеннің тікелей жақын жерінде тас және қиыршық тас өндіретін кәсіпорындардың жұмысына байланысты Аршалы ауданы Аршалы кентінің экологиялық проблемаларын талқылауға арналды. Кездесу алдында депутаттардың кен орындарында жұмыс істейтін кеніштердің жұмысы туралы егжей-тегжей танысуы болды. Нәтижесінде тас және қиыршық тас өндірумен айналысатын «Аркада Индастри» ЖШС-мен кеніштерден тау жыныстарын тасымалдау мақсатында ауылды айналып өтетін айналмалы жол салу туралы, сондай-ақ кент бойынша ауыр көлік құралдарының өтуін шектеу үшін теміржол көпірінде арқа орнату туралы келісімге қол жеткізілді.

Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері 2018 жылдың желтоқсанында комиссия отырысында талқыланды. Мемлекеттік органдардың басшылары осы бағытта жүйелі жұмыс жүргізу, оның ішінде балалар арасында жол-көлік оқиғаларынан жарақаттануын болдырмау және тұрғындар арасында ақпараттық жұмыстарды жүргізу туралы хабардар етті.

Сонымен бірге, депутаттар барлық көрсеткіштерге қанағаттанбады, жол қозғалысы қауіпсіздігін арттыру, жол-көлік

оқиғаларынан қайтыс болуды азайту, жол иелері де, билік тарапынан да бақылауды күшейтуді және жол-көлік оқиғаларының алдын-алу жұмыстарына жол қозғалысы қатысушыларының өздері де қатысуы қажет екенін атап өтті.

Жалпы, атқарушы органдардың араласуын талап ететін барлық мәселелерді тұрақты комиссиялар облыс әкімдігіне жеткізді.

Біздің қызметіміздің ажырамас бөлігі жеке қабылдауда жұмыс істеу болып табылады. Депутаттар тұрақты түрде азаматтарды қабылдауды жүргізеді. Халықпен тікелей байланыс жасау - депутаттық жұмыстың жоғары сапалы негізі. Жағдайды білесеңіз - мәселені бөліп көрсете аласыз, содан кейін мемлекеттік органдарға депутаттық сауалдармен сауатты түрде жүгіне аласыз. Депутаттар ауылдарды сумен және электрмен жабдықтау, жол белгілерін орнату және жол жөндеу жұмыстарын жүргізу, білім беру нысандарын күрделі жөндеуге байланысты мәселелер бойынша сауалдар жіберді.

Есеп беру кезеңінде облыстық мәслихат депутаттары 600-ге жуық адамды қабылдады, 500-ден астам жазбаша өтінішті қарады.

Өздерінің тікелей депутаттық өкілеттіктерін орындаудан бөлек, олар әртүрлі консультативтік-кеңесші органдардың құрамдарына кіреді.

Ақпараттық түсіндіру құрамдарында депутаттар орындарда Президент Жолдауын түсіндіру жұмыстарын белсенді жүргізді.

Ақмола облыстық мәслихатының депутаттық корпусы атқарушы құрылымдармен, азаматтық қоғам институттарымен

өзара іс-қимыл диалог алаңын құрайтын қоғамдық іс-шаралар өткізуге ерекше көңіл бөледі.

Мәселен, 2018 жылғы қыркүйек айында «Мәслихаттар мен қоғамдық кеңестер: азаматтық қоғамды тиімді дамыту жолында» облыстық форумы өткізілді, онда 600-ден астам адам жиналды, олар облыстың депутаттық корпустың, қоғамдық кеңестер, мемлекеттік органдар мен азаматтық қоғам өкілдері болды.

Депутаттар үнемі қоғамдық шараларға және қайырымдылық акцияларына белсене қатысады, аз қамтылған отбасыларға материалдық көмек көрсетеді, түрлі іс-шаралар өткізу кезінде демеушілік көмек көрсетеді, балалар үйлеріне, балабақшаларға және мектептерге көмек көрсетеді. Өткен жылы көрсетілген барлық көмектің жалпы сомасы шамамен 100 млн. теңгені құрады.

Өңірдің тыныс-тіршілігінің барлық салаларының тұрақты жұмыс істеуі үшін халықтың өмірін жақсарту, қалыпты жағдайларды қамтамасыз ету, әрине, жергілікті атқарушы биліктің еңбегі және оның депутаттық корпуспен тиімді өзара әрекеттестігі маңызды рөл атқарады.

Болашақта да жұмысымызды жетілдіру және жақсарту үшін барлық шараларды қолданамыз.


Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы

Д.Н.Нұрмолдин

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru