Халық алдындағы есептік кездесулері
Ағымдағы жылдың қаңтар айында Бурабай аудандық мәслихаттың хатшысы - Өтелбай Бейсенов Зеленый Бор кенті, Атамекен, Қатаркөл, Наурызбай Батыр, Кенесары, Қызылағаш, Ұрымқай, Успеноюрьевка және Веденовка ауылдарының ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағы есепті кездесулеріне қатысты.
Ауылдық округ әкімдерінің 2018 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы мен 2019 жылға арналған міндеттері туралы есептерінде Қазақстан Республикасы Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты жолдауын іске асыру бойынша қорытындысы, ауыл шаруашылығын дамыту, шағын және орта бизнесті дамыту, астық жинау науқаны, елді мекендерді абаттандыру, көгалдандыру, жарықтандыру және санитарлық тазалық бойынша жұмыстар жүргізу, сумен қамтамасыз ету, мал бағу және басқа да мәселелердің нәтижелері көрсетілді.
Кездесулер барысында тұрғындар сумен, электрмен жабдықтау және кәсіпкерлік жөнінде сұрақтар қойды. Барлық мәселелер бойынша тиісті түсініктемелер берілді.
Есеп беру кездесулерінің аяғында ауданның ауыл шаруашылығының дамуына қосқан елеулі үлестері үшін «Ауыл шаруашылығы ардагерлерінің кеңесі» Қоғамдық бірлестігінің «Құрметті ардагер» медалімен келесі ардагерлер марапатталды: Атамекен а. - Алексей Микулич, Қатаркөл а. - Владимир Юрченко, Наурызбай Батыр а. - Леонид Қасенов және Сайран Байкенов, Мәдениет а. - Серік Асанов, Кенесары а. - Юрий Гливинский, Абылайхан а. - Сағындық Есенбаев.

