ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Сайлаушылар алдында есеп берілуде

31.01.2019

   Қазақстан Республикасындағы «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 21-ші бабына сәйкес Қорғалжын аудандық мәслихатының депутаттары сайлау округтерінде сайлаушылар алдында есеп берді.

         Өркендеу ауылында Мамыраемов Самат Өкешұлы сайлау алдындағы бағдарламасының басты мәселелері ауыз су мен жарықтандыру болып табылды. Самат Өкешұлы бір неше депутаттық сауал жазып, мәжіліске де сауал жолдаған. Жарықтандыру мәселесіне келсек күннен қуат алатын батареялармен свет орнатылды.

         Депутат Смағұлова Раушан Қазбекқызы бірнеше рет депутатық сауал мен шығып, әр түрлі мәселелер шешімін тапты. Олардағы ең басты мәселе  мектептің ағымдағы жөндеуі болып тұр. Негізгі мектепті күрделі жөндеуден өткізу үшін 280 млн. қаржы керек екен, бүгінгі күнде жоба сметалық құжаттары 6 млн. теңгеге жасалып, дайын тұр.  Дегенмен күрделі жөндеуге қажет қаржы жоқ  және оқушылар саны да аз болғандықтан, мектепке күрделі емес, ағымдағы жөндеу жүргізуге қаражат  бөлінсе деген ұсыныстарын білдірді.

         Омаров Даурен Мажитұлына сайлаушылардан 6 ұсыныс түсіп, сонын төртеуі өз шешімін тапты, қалған екеуі жүзеге асырылу үшін алдағы жылдардың жоспарларына енгізілді. Қорғалжын-Баршын және Қорғалжын-Шалқар ауылының жолдары күрделі жөндеуден өткізуге облыстық бюджеттен қаржы бөлініп жөндеу жұмыстары жүргізілді.

         Тәжин Нұрлан Есіркепұлы өз тарапынан талай депутаттық сауал, талай сұраныс жасап жауаптарын алды және де ол сұрақтар оң шешімін тапты. Аудан көшелерін аббатандыру, жарықтандыру мәселелерін ардайым көтеріп және ауданымыздың 90 жылдығына белсенді жұмыс атқарғаның атап өту керек.

Темірбек Жаңбыршы Есімұлы көтерген басты мәселе  көшелерді жарықтандыру мен кәсіпкерлікті дамыту болатын. 90 жылдық қарсаңында Қорғалжын ауылының бір неше  көшелер  жарықтандырылды.  Көшелерді жарықтандыру үшін  алты жыл бойы депутаттық сауал жазып, қаржы сұрап, талай жерде болғанын, осы сұрақпен  облыс әкімінің қабылдауына кіргенін өз есебінде айтып өтті.

Ең жас депутат Баешев Наурызхан Дінмұхаммедұлы да бірнеше депутаттық сауал жолдап, сурақтардын шешімін тапты. 2018 жылы 8 жас маманға жұмысқа орналусаға көмектесіп, бүгінгі таңда бәрі жұмыс істеп жатыр. «Нұр Отан» партиясымен бірлесе отырып өз округіндегі 3 жалғыз басты қарт адамдарға азық- түлік және үйлеріндегі шаруашылығына көмектесіп тұрады.

         Мажитова Батжан Мажитовна өз тарапынан көшелерді жарықтандыру мәселесі жөнінде бірнеше рет сессияда сұрақ көтерген. Өз округінде бір емес үш қоқыс төгетін орынға айналдырған жерлерді қалпына келтіруге атсалысты.   Сонымен қатар, жергілікті мүгедектер қоғамының  төрайымы Орал Бейсенова мен ақылдаса отырып, мүгедек балаларға бірнеше компьютерлер сыйға тартылды. «25 таза аула» деген конкурс жариялап, жеңімпаздарға сыйлық табыс етті..

         Досанбаев Бекет Анарбайұлы кездесу өткізді. Депутат болып сайланғаннан бері алдына қойған мақсаттарды орындап келеді. Биыл ауылдағы МТМ ғимаратын  күрделі жөндеуден өткізуді қолға алды. Бүгінгі күнде ғимараттың сыртын бітіріп, енді ішіндегі жөндеуді бастағандарын айтты. Ауданның  90 жылдығында жылқы сойып, киіз үй құрып, 300 адамға ас берілді. Елдегі қарттарға азық-түлікпен үнемі жәрдем көрсетіп келеді. 

         Жұмабаев Қайрат Төленұлы өз жұмысын тек депутат ретінде емес сонымен қатар «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының орынбасары ретінде қыруар жұмыс атқарды.  Наурыз мейрамын, ауданның 90 жылдығын өткізуге де өз үлесін қосып 190 мыңдай қаражатпен көмектесті. Сонымен қатар, жол тазарту, ауылды көгалдандыру жұмыстарына белсенді қатысып отырады.      

Балғабаев Өмірбай Кәкімұлы биыл мектептегі бу қазандықтары істен шығып, мектептің іші суып кеткенде аудандық бюджеттен қаражат сұрап, қазіргі таңда екі жаңа бу қазандықтары Қостанай қаласынан әкелініп, орнатылды.

Балабекова Гүлжамал Шақаровна ауыл тұрғындарының санын арттыру  мақсатында 23 жанұя, ағайындарды көшіріп әкеліп, әрқайсына пәтер сатып әперіп, бір семьядан бір адамға жұмыс тауып берді. Қолынан келгенше шөппен, жеммен, кебекпен  ауыл тұрғындарына көмектесіп тұрады.

Сонымен қатар бар депутаттар аудан әкімінің шыршасына, «Мектепке жол» бағдарламасы бойынша балаларға киім және оқу құралдарын әпереді және жазғы демалыста оқушыларға путевка әперіп, демалуға жіберіп тұрады.

         Кестеге сәйкес «Нұр Отан» партиясы ғимаратында жеке азаматтар мен сайлаушыларын қабылдап, туындаған сұрақтарға жауап беріп, кез келген мәселені шешуге ат салысады.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru