Ағымдағы жылдың 8 ақпаны күні Астана қаласында өткен Қоғамдық кеңестердің ІІ Республикалық Мәжілісіне мәслихат хатшылары, Қоғамдық кеңестердің төрағалары, Астана, Алматы және Шымкент қалалары әкімдерінің орынбасарлары, мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты.
Ақмола облысынан барған делегацияны облыстық мәслихаттың хатшысы Дулат Нұрмолдин басқарды.
Мәжіліс барысында Қоғамдық кеңестердің үшжылдық кезеңдегі жұмыстарына оң баға беріліп, жаңа құрамдағы қызметіне бірқатар өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттігіне қатысты аса маңызды мәселелер көтеріліп, Қоғамдық кеңестер туралы заңнаманы жетілдіруді жалғастыру қажеттігі талқыланды. Сонымен қатар алға қойылатын міндеттер туралы да ойлар айтылды.
ҚР Қоғамдық даму министрлігі мен Қазақстанның Азаматтық альянсының азаматтық диалогтың даму моделін сапалы жетілдіру мен бірқатар тәсілдер негізінде қоғамдық кеңестер арқылы ынтымақтастықты күш салуын қолдау керектігі туралы пікір айтылды. Нақтылап айтқанда:
1) Кеңестердің өкілдіктерін қамтамасыз ету;
2) Өңірлердегі қоғамдық кеңестердің сандық параметрлерін халық санының пропорциясына байлау;
3) Орталық органдардың кеңестерінің сандық құрамын анықтау схемасын жетілдіру;
4) Кеңестің қызметіне үкіметтік емес ұйым өкілдерін қатыстыруға ынталандыру үшін бәсекелестік пен жарысқа түсу элементін қарастыру;
5) Қоғамдық кеңес өкілдері үшін кедергісіз орта мен ашықтықты қамтамасыз ету;
6) Қоғамдық кеңестер мен мәслихаттардың қызметтерінің қосарлануына байланысты қайшылықты жою.
Мәжіліс қорытындысы бойынша оның қатысушылары ортақ пікірге келіп, резолюция қабылдады.




