«Нұр Отан» партиясы Есіл аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы өз жұмысын белсенді жүргізуде. Биылғы жылдың қаңтарында қоғамдық қабылдауға 24 адам жеке мәселесі бойынша келді.
Қала мен аудан тұрғындары өз өтініштерінде жылу, жұмысқа орналасу, әлеуметтік түйткілдер және өзге де мәселелер көтерді. Жолыққандар мәселесінің 59 пайызы шешілді, өзгелеріне түсініктеме берілді. Жеке мәселе бо-йынша азаматтарды қабылдау бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі. Қабылдауды атқарушы, құқық қорғаушы органдардың қызметкерлері, аудандық мәслихаттың депутаттары жүргізеді. Мәселен, Есіл аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің Владимир Галныкинге жұмысқа орналасу мәселесі бо-йынша Антон Карпов жолықты. Мәселе оң шешімін тапты. Өтініш беруші жұмыссыз ретінде тіркеліп, Есіл қаласы әкімінің аппаратына қоғамдық жұмысқа жіберілді. Депутат корпусымен шыға берісте «Кездесеміз. Талқылаймыз. Шешеміз» ұранымен қоғамдық қабылдау өткізу жақсы дәстүрге айналды. Жұмыстың мұндай түрі сайлау учаскесінде әр депутатпен тұрғындардың кездесуіне мүмкіндік береді.
Мұндай кездесулер жыл басынан бері 14 ауылдық округте болып, облыстық мәслихаттың депутаты Анэль Ерденова азаматтарды жеке мәселесі бойынша қабылдады. Қабылдау барысында ауылды абаттандыру, су құбырын жөндеу және өзге де мәселелер көтерілді. Бірқатар мәселелер кездесу барысында оң шешімін тапты. Өзге мәселелер бойынша түсінік беріліп, ұсыныстар жасалды. Жалпы, партияның Есіл аудандық филиалының қоғамдық қабылдауы өз алдына жолыққан барлық азаматтар мәселесінің тиімді шешімін шығару, бүгінгі таңда әр жағдайды жеке қарамай, проблемалық тұсын тауып, оларды түзеу жөнінде міндет қойды. «Әр адамға нақты көмек» жеке мәселелер бойынша азаматтарды қабылдау жұмысының басты ұраны болып қала береді.
Облыстық «Арқа ажары» газетінен