«Қоғамдық кеңестер туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы Заңына сәйкес Ақмола облысының Қоғамдық кеңесін құрамын қалыптастыру жөніндегі жұмыс тобы 2019 жылдың 1 наурызынан бастап, 10 наурызды қоса есептеген кезең ішінде Ақмола облысының Қоғамдық кеңесінің құрамына үміткерлер бойынша ұсыныстар, өтініштер қабылдайтынын ақпараттандырады.
Құжаттар (ЖҮКТЕУ) Ақмола облыстық мәслихатының аппаратына жазбаша түрде коммерциялық емес ұйымдардан және азаматтардан сенбі, жексенбі және мерекеден басқа күндері күн сайын сағат 09.00-ден сағат 18.00-ге дейін қабылданады. Үзіліс сағат 13.00-ден сағат 14.30-ге дейін. Мекенжайы: Көкшетау қаласы, Абай көшесі 83, 232-кабинет. Сондай-ақ электрондық мекен-жайы бойынша: akm_maslihat@mail.ru. Байланыс телефондары: 8 (7162) 255940; 254768; 25-62-06.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидатураларды коммерциялық емес ұйымдар, азаматтар, сонымен қатар өз-өзін ұсыну арқылы ұсына алады. Қоғамдық кеңестің уәкілеттілік мерзімі үш жылды құрайды. Коммерциялық емес ұйымдар болып табылатын бір заңды тұлғадан Қоғамдық кеңеске тек бір өкіл сайлануы мүмкін.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының он сегіз жасқа толған, сондай-ақ Қоғамдық кеңес жергілікті деңгейде қалыптастырылған жағдайда - тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде тұратын азаматы Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат бола алады.
Қоғамдық кеңес мүшелігіне кандидат:
1) сотталғандығы болмауы;
2) сот заңда белгіленген тәртіппен сыбайлас жемқорлық қылмыс және (немесе) сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауда кінәлі деп танымаған болуға;
3) психикалық ауруға, алкоголизмге, нашақорлыққа немесе уытқұмарлыққа байланысты денсаулық сақтау ұйымдарында есепте тұрмауға тиіс.
2. Конкурсқа қатысу үшін:
1) кандидатураны Қоғамдық кеңестің құрамына ұсыну туралы коммерциялық емес ұйымның жазбаша ұсынысы және (немесе) азаматтың өтініші;
2) кандидаттың өмірбаян деректерін көрсете отырып, кәсіптік және (немесе) қоғамдық қызметі туралы мәліметтер ұсынылады.
«Қоғамдық кеңестер туралы» ҚР Заңының 10-бабы 1-тармағында белгіленген талаптарға сай келмейтін кандидаттар қоғамдық кеңестерге сайлану үшін конкурсқа жіберілмейді.