Аграрлық мәселелер және индустриялық-инновациялық даму жөніндегі тұрақты комиссияның отырысына дайындық барысында облыстық мәслихат депутаттары 2019 жылғы 14 наурызда Бурабай ауданындағы бірнеше шағын және орта бизнес объектілеріне барып қайтты.
Объектілерге бару барысында депутаттар «Бизнестің жол картасы - 2020» мемлекеттік бағдарламасы аясында шағын және орта бизнесті қолдау және дамыту бойынша объектілерде жүргізіліп жатқан жұмыстармен танысты.
Келесі аптада-ақ тұрақты комиссияның отырысы өткізілмекші, онда осы саладағы мәселелер егжей-тегжейлі талқыланып, тиісті шешім қабылданатын болады.