Ағымдағы жылдың 27 наурызы күні Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен облыстың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қатысты 14 жобасы қаралды.
«Ауылшаруашылық өнімін тереңдете өңдеп өндіруі үшін сатып алынатын ауылшаруашылық өнімдерінің бірлігіне арналған субсидиялар нормативін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Таласбаев Д.А. баяндап берді.
6 жоба бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары К.Біржекеев сөз сөйледі.
7 жоба бойынша жұмыспен қамтуды және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы басшысының орынбасары А.Акбарова баяндама жасады.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері жобаларды қабылдағаны үшін бірауыздан дауыс беріп, ұсыныстар берді.

