Ағымдағы жылдың 3 сәуірі күні Сағынтай Елубаевтың төрағалығымен облыстың Қоғамдық кеңесінің отырысы өтіп, онда күн тәртібіне сәйкес нормативтік құқықтық актілерге қатысты 5 жобасы қаралды.
«ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Таласбаев Д.А. баяндап берді.
3 жоба бойынша: «Мал шаруашылығы саласындағы субсидиялар көлемдерін бекіту туралы»; «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру жөніндегі бағыт шеңберінде кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Ақмола облысы әкімдігінің қаулысына өзгеріс енгізу туралы»; «Акваөсіру (балық өсіру) өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» ауыл шаруашылығы басқармасы басшысының орынбасары Хасым Иткусов баяндап берді.
Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Әсел Қалдыбаева
екі жоба бойынша сөз сөйледі.
Талқылау қорытындысы бойынша Кеңес мүшелері жобаларды қабылдағаны үшін бірауыздан дауыс беріп, ұсыныстар берді.

