ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Камышанский Виталий - Ауылға тарту
Жарқайың ауданының әкімі Мұрат Балпан өзінің Facebook-тегі парақшасында жаңалықпен бөлісті: Ақмола облыстық мәслихатының депутаты, кәсіпкер Виталий Камышанский "Жарқайын" ЖШС...

Работа в режиме нон-стоп
В течение октября депутат Акмолинского облмаслихата, первый заместитель председателя Есильского территориального филиала партии «Нұр Отан» Анель Ерденова приняла более...

Депутат областного маслихата, Максим Божко
Депутат областного маслихата, Председатель наблюдательного совета ТОО «Управляющая компания Шанырак» Максим Божко: Нынешнее Послание «Рост благосостояния...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Жергілікті билік – мемлекеттік басқарудың негізгі буыны

24.04.2019

   Ағымдағы жылдың 22 сәуірі күні облыстық мәслихаттың хатшысы Д.Нұрмолдин Нұр-Сұлтан қаласында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының жанындағы Жергілікті өкілді органдармен өзара іс-қимыл жөніндегі кеңестің орталық атқарушы және жергілікті өкілді органдардың басшыларымен кездесуіне қатысты, онда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» заңды жүзеге асыру мәселелері қаралды.

    Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева отырысқа қатысушыларға арнаған сөзінде жергілікті билік - мемлекеттік басқарудың негізгі буыны екенін атап өтті. Әкімшілік реформа жергілікті билікке елеулі өкілеттіктер берді, мәслихаттар ауыл, ауылдық округ, аудандық маңызы бар қала деңгейіндегі бюджетті дербес қалыптастыра алады.

 Сенат Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы, «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Төлеубек Мұқашев өзінің баяндамасында мәслихат депутаттығына кандидаттарды іріктеу талаптарын өзгерту, оларды мемлекеттік басқару академиясында оқытуды, мәслихат хатшыларының мәртебесін арттыруды, тексеру комиссияларының жұмысын жетілдіру қажеттігін атап өтті.

Сондай-ақ ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов, республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, Түркістан облыстық мәслихатының хатшысы Қайрат Балабиев, Қостанай облыстық мәслихатының хатшысы Сайлаубек Ещанов баяндама жасады.

Кездесу соңында Парламент Сенаты жанындағы Жергілікті өкілді органдармен (мәслихаттармен) өзара іс-қимыл жөніндегі кеңес пен «Қазақстан мәслихаттары депутаттарының бірлестігі» республикалық қоғамдық бірлестігінің Ынтымақтастық туралы меморандумға қол қою рәсімі болды.

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru