2008 жылғы 24 сәуірде Ақмола облыстық мәслихатының хатшысы Нұрмолдин Дулат Нұрахметұлы «Нұр Отан» партиясының облыстық филиалының қоғамдық қабылдауында азаматтарға жеке мәселелері бойынша қабылдау өткізді. Зеренді ауданы Садовое кентінің тұрғыны Тезекбаев Табылды Уахитұлы облыстық мәслихат хатшысына Заречное және Березняковка ауылдары арасында 70 метрлік автомобиль көпірін салу жобасын облыстық бюджеттен қаржыландыру мәселесін шешу ұсынысымен жүгінді. 2018 жылы көпір салу жобалық-сметалық құжаттамасын әзірлеуге облыстық бюджеттен 29,8 млн. теңге бөлінді. Бүгінгі таңда жоба әзірленіп, мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынды. Жобаның құны 368,3 млн. теңгені құрады.
2019 жылға арналған облыстық бюджетті нақтылаған кезде жобаны іске асыру басында 1 млн.теңге көлемінде
қаражат бөлінді. Жоба республикалық бюджеттен қаражат бөлу мақсатында салалық министрлікке ұсынылды.
Облыстың экологиялық жағдайын жақсарту мақсатында екінші өтініш беруші Көкшетау қаласының тұрғыны Гулаков Владимир Васильевич ҚТҚ полигондарын салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстарын жетілдіру жөнінде ұсыныс жасады. Облыстық мәслихаттың заңдылық, құқықтық тәртіп, депутаттық әдеп және экология мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысында одан әрі қарастыру және орындарда көтерілген мәселені зерделеу үшін уақытша жұмыс комиссиясы құру туралы шешім қабылданды.
