Ү.ж. 25 сәуірде С.Елубаевтың төрағалығымен облыстық Қоғамдық кеңесінің Президумының отырысы өтті.
Еске сала кетейік, өткен отырыста Кеңес комиссияларының төрағаларына Қоғамдық кеңестің жұмыс жоспарына енгізу үшін сұрақтар тізімін комиссияның өз мүшелері арасында талқылау тапсырылған болатын.
Отырыс барысында Кеңестің барлық төрт комиссияның төрағалары сөз сөйлеп, өз ұсыныстарын енгізді.
Облыстық Қоғамдық кеңестің төрағасы Сағынтай Елубаев Қоғамдық кеңестің барлық мүшелері қатысқан жоспарды дайындау кезінде орасан зор жұмыс атқарылғанын атап кетті.
Талқылау қорытындысы бойынша 2019 жылдың бірінші жартыжылдығына Қоғамдық кеңестің жоспары құрылды.