2019 жылғы 29 сәуірде облыстық мәслихат хатшысы Ақмола облысының делегациясы қатарында Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалық етуімен Нұр-Сұлтан қаласында Бейбітшілік және келісім сарайында «Бейбітшілік пен келісім формуласы: әлеуметтік бірлік және жаңғыру» күн тәртібімен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясына қатысты.
XXVII сессия жұмысына 1500-ден астам адам, оның ішінде барлық өңірлерден Ассамблея мүшелері мен ардагерлері, республикалық және облыстық этномәдени бірлестіктердің төрағалары, Парламент палаталарының депутаттары, орталық атқарушы органдардың басшылары, саяси партиялар, діни бірлестіктер, ҮЕҰ, ЖОО ректорлары, шет мемлекеттердің дипломатиялық миссиялар, ғылыми, шығармашылық зиялы және БАҚ өкілдері қатысты.
Сессия соңында салтанатты концерт болды.
Бағдарламалар шеңберінде өңірлердің делегат-қатысушыларына министрліктер мен ұлттық компаниялардың басшыларымен кездесулер өткізіліп, сондай-ақ мәдени бағдарламалар және Астана қаласының көрікті жерлеріне экскурсиялар ұйымдастырылды.