ПРЕЗИДЕНТТIҢ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫНА ЖОЛДАУЫ



ДЕПУТАТТЫҚ IC ТУРАЛЫ

Джульдузай САЛЫБЕКОВА – секретарь Аккольского районного маслихата

Анатолий ТОМИЛОВ – депутат областного маслихата

Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді
Қайрат АУҒАЛИЕВ, Зеренді аудандық мәслихатының хатшысы. Депутат қызметі жауапкершілікті талап етеді Кез-келген мемлекеттің қалыптасуы мен даму жолында заң шығарушы...

Архив
Басты бет Қабылдау кестесі Байланыс ақпараты Мәслихат тарихынан ОБЛЫСТЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ

Қымбатты ақмолалықтар!

29.04.2019

 

Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

   Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесі бүгінгі таңда бейбіт өмір мен ынтымаққа тұрмыс кешіп отырған ел тұрғындары үшін ыстық ықылас пен достық ниеттің дәстүрі, асыға күтер мейрамы.

Ұлттар тұтастығы мен халықтар достығының арқасында бүгінде еліміз жан-жақты қарқындап дамып келеді. Елімізде 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп, бірліктің жарқын үлгісін көрсетіп келеді. Мемлекетіміз көп ұлтты халқымыздың достығы мен келісімін, өзара түсіністігін қамтамасыз етіп қана қоймай, ұлттық ұстанымдар мен дәстүрлердің сақталуына, ұлттардың рухани, мәдени өсіп-өркендеуіне жағдай жасап отыр. Біз әр ұлтты шын құрметтеу арқылы бүкіл әлемге достық пен бірліктің нағыз үлгісін көрсетіп келеміз.

Ынтымақты, достықты, бірлікті сақтап қана қоймай, оны ары қарай дамытуға өз үлесімізді қосуымыз қажет. Күш-жігерімізді біріктіре отырып, облысымызды дамытуға, ең батыл жоспарларды жүзеге асыруға жағдай туғыза аламыз.

Осы бір айтулы мереке қарсаңында дендеріңізге саулық, шаңырақтарыңызға береке-бірлік, еңбектеріңізге толайым табыстар тілеймін!  Еліміздегі ұлтаралық татулық әрдайым берік болып, қашан да ынтымақ, бірлік мәңгі жасай берсін!

 

Ақмола облыстық

мәслихатының хатшысы                                             Д.Нұрмолдин

 

 

 
 
ПОЧТОВЫЙ АДРЕС: г. Кокшетау ул. Абая 83, индекс: 020000
ТЕЛЕФОН: 8 (7162) 25-47-68
ФАКС: 8 (7162) 25-71-80
ЭЛЕКТРОННАЯ ПОЧТА: akm_maslihat@mail.ru