Сіздерді шын жүректен бәріміз үшін ең қымбатты мереке - Ұлы Жеңіс мерекесімен құттықтаймын!
Бұл - Отан қорғаудағы өшпес ерлік пен өлшеусіз даңқтың, халқымыздың шексіз қаһармандығы мен мұқалмас қажыр-қайратының ең айтулы мерекесі.
Ерлік - елге мұра, ұрпаққа үлгі. Осы қасиетті күні адалдық пен еліне деген жанқиярлықтың үлгісін көрсеткен қаһармандардың рухы алдында бас иіп, тағзым етеміз. Ерлігімен тарих парағында өшпес із қалдырған аға буын алдында өлшеусіз қарыздармыз. Олардың есімдері халықтың жүрегінде мәңгі сақтаулы.
Өзінің Отанына деген ержүректіліктің, мықтылықтың және сүйіспеншіліктің мысалы ретінде жерлестеріміздің мыңдаған от кешкен тағдырларын айтуға болады. 90 мыңнан астам ақмолалық барлық кеңес халқымен бірге майданға қатысты. Біз әрдайым соғыста қаза тапқан, тірі келгендерді мәңгі есте сақтаймыз.
Ерліктеріңіз бен ержүректіліктеріңіз, өшпес қаһармандылықтарыңыз үшін Сіздерге тағзым етеміз, құрметті ардагерлер! Ұрпаққа үлгі болғандарыңыз, үлкен адами тәжірибелеріңіз, сондай-ақ бізге өз елімізде тұруға құқығымызды қорғағандарыңыз үшін үлкен рахмет!
Шын жүректен Сіздерге денсаулық, сергектік пен ұзақ өмір тілеймін. Әрқайсыңыз қамқорлық пен сүйіспеншілкке бөлене беріңіздер.
Ақмола облыстық
мәслихатының хатшысы Д.Нұрмолдин